DataLife Engine / Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А XIХ-XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи
дәстүрдің дамуы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
Сабақ мақсаттары: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу.
Сәлемдесу. Сынып бойынша тексеру. Сыныпта күй ойнатылып, жағымды көңіл-күй ұйымдастырылады.
(Б) Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.
Б Оқушыларға Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халидтің суреттері көрсетіледі. Бұл тұлғалар туралы қандай ақпарат білетіні сұралады.
М Төмендегі сұрақтар қойылады:
-Суреттерде кімдер бейнеленген?
-Осы тұлғалар туралы не білесіңдер?
Сыныптық талқылау ұйымдастырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Тарихи концепт (фокус): маңыздылық
Зерттеу сұрағы: Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?
Т Сынып оқушылары үш топқа топтастырылып, оларға Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы және Қ.Халид және олар өмір сүрген кезең туралы мәтін таратылады. Мәтін мазмұнынан тұлғалар өмірі және олардың шығармаларының мазмұны туралы талданады.
Топтық жұмыс.
І топ: Ш. Құдайбердіұлы;
ІІ топ: М. Көпейұлы;
ІІІ топ: Қ.Халид;
Талдау сұрақтары:
1. «Зар заман ақындар» терминін енгізген кім?
2. «Зар заман ақындар» деп кімдерді атады?
3. Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні неде?
4. Ақындарының шығармаларына неге тиым салынды?.....
30.01.2020
Вернуться назад