DataLife Engine / XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.4 –қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. қазақ халқының қолданбалы өнер жетістіктерін бағалау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Оқушыларға қолданбалы өнер туындыларының суреті көрсетіліп, сатылап сұрақ қою әдісімен диалог әңгіме жүргізіледі. Сұраққа берілген оқушылардың жауабы толықтырылып, сабақ тақырыбы анықталады.
-Қолданбалы өнер дегеніміз не?
-Бұл суреттен қолданбалы өнердің қандай түрлерін көріп тұрсыздар?
- Бүгінгі сабағымыз қалай аталуы мүмкін?
(М) Оқушылар жауаптары тыңдалып болған соң, жаңа сабақ тақырыбы анықталады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): маңыздылық
Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?
(Б) Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Мұғалім тақырып анықталғаннан кейін жаңа ұғымдардың мағынасын түсіндіреді.
Бірегейлік- нысанның өз ұғымына барабарлығын, болмысының нақтылығын, тұтастығын білдіреді.
Қолданбалы өнер- тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылықтың түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздары, сәндік заттар (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар т.б) жатады.
Зерттеу мен талдау
Топтарға мәтін таратылады. Мәтіндегі ақпаратты оқып, топ ішінде талқылайды. Әр топ өзіне берілген материал түрі бойынша (ағаш, металл, тері мен матадан) жасалатын қолданбалы өнер бұйымдарын кестеге жазып толтырады. Топ оқушылары белгілеген уақытта тапсырманы орындап, сағат тілі бойынша орындаған жұмыстарын келесі топқа тексеруге береді. Мұғалімнің берген «кілт жауаптары» арқылы топтар бір-бірін тексереді.
1-топ.Ағаштан жасалатын қолданбалы өнер туындылары;
2-топ.Металдан жасалатын қолданбалы өнер туындылары;
3-топ. Теріден және матадан жасалатын қолданбалы өнер туындылары
1-топ 2-топ 3-топ
Ағаштан жасалынатын бұйымдар Металлдан жасалынатын бұйымдар Теріден және жүннен жасалатын бұйымдар.......
30.01.2020
Вернуться назад