DataLife Engine / XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдары мен барысын анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Ой-шақыру. Мұғалім ой шақыру үшін патшалық Ресейдің отарлау саясатын сипаттайтын суреттер топтамасын көрсетеді, оқушылардың сурет бойынша жасаған тұжырымдарын тыңдай отырып, тақырыпты анықтауға жетелейді.
Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады.
Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей
империясы қалай жүзеге асырды?
Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Казак- славян және одан кейін орыс тілінде борыштан (салықтан) азат, ерікті, ержүрек және сонымен бірге атты жауынгер деген ұғымды білдіреді;
Форпост - алдыңғы шепте орналасқан қамалдар арасындағы шағын бекініс;
Шеп -қарсыласты өткізбеу үшін жасалған бөгет, кедергі, қорғаныс, қамал;
Атаман- казактар тобының басшысы
Зерттеу мен талдау
Т Ақпараттық мәтінмен жұмысты ұйымдастырыңыз. Оқушыларға тапсырма шартын түсіндіріңіз. Алдымен топта жұптық жұмыс жүзеге асуы тиіс. Жұптасқан оқушылар мәтін мазмұнын оқып шығады, өзара талқылайды, сонан соң топ ішінде талқылап-талдайды. Топтар тапсырма шарты бойынша жұмыстанып, сынып алдында өз жұмыстарының қорытындысын жариялауға дайындалады.
Тапсырма шарты:
-Мәтіннің негізгі идеясын анықтау;
-Кілтті сөздерді анықтау;
-Мәтінге сұрақтар құрастыру.......
30.01.2020
Вернуться назад