DataLife Engine / Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы.
Сабақ тақырыбы: Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының аумағын қалыптастырудағы және дипломатиялық қатынастар орнатудағы Қасым ханның ролін ұғынады.
Ұйымдастыру кезеңі
Ой шақыру. Ақылды доп ойыны.
Шеңберге тұрып, оқушылар бір-біріне допты жалғай отырып, Қазақ хандығы туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Тақтаға Қасым ханның суреті көрсетіліп, бұл қандай тұлға, қазақ хандығына қандай қатысы бар болуы мүмкін деген сұрақтар қойылды
Оқушы оқу мақсаты, сабақ мақсаты, жетістік критерийлерімен танысады.
1-тапсырма.Топтық жұмыс
1-ші топ:
Қасым ханның жүргізген ішкі саясатының ерекшеліктерін анықтайды.
2–ші топ:
Қасым ханның сыртқы саясатының нәтижелерін тұжырымдайды.
3- ші топ:
«Қасым ханның қасқа жолы» заңдарын талдап, саяси, экономикалық және мәдени саладағы ықпалын анықтайды.
ДЖИГСО технологиясын пайдалана отырып топтар бір- бірінің ақпаратымен алмасады, сұрақ қойып талқылайды.
Бағалау критерийі
1.Өз бөліміне қатысты кем дегенде 4 негізгі дәйек табу
2.Өз бөліміне байланысты 2 жеңіл сұрақ, 2 күрделі сұрақ құрстыру
3.Басқа топтардың сұрақтарына жауап беру.
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар мәтінді оқып шығады, сосын мәтін бойынша сұрарға жауап береді.......
29.01.2020
Вернуться назад