DataLife Engine / Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: • көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.
2-сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін, зерттеу сұрақтарын таныстырыңыз.
Зерттеу сұрақтары
 Ортағасырдағы қазақ жерін зерттеген саяхатшылар өз жазбаларында көшпелі бабаларымыздың өмірін қалай сипаттайды?
 Қалалар, жергілікті тайпалардың шаруашылығы, баспана түрлері, басқару жүйесі, халқы жайлы ортағасырлық саяхатшылар қандай мәліметтер келтіреді?
 Саяхатшылардың жазбалары тарихи дерек көзі ретінде қаншалықты құнды?
Зерттеу және талдау
Ж 1-тапсырма. Орта ғасырлық саяхатшылардың деректері бойынша көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін талдау.
1) Г.Рубрук деректері
2) Ибн Баттута
Кестені толтыру
Авторлар /
Сұрақтар Г.Рубрук Ибн Баттута
Суреттелген қолданбалы өнер саласы (ағаш өңдеу, қыш, тігу, тері өңдеу, металл, т.б.)
Қолданбалы өнер саласы туралы жазылған негізгі ақпарат
Көшпелілердің қолданбалы өнері туралы авторды таң қалдырған ақпарат
Деректердің ұқсастығы
Дерек көзі ретінде маңызы
Бағалау критерийі: Көшпелілердің қолданбалы өнері жетістіктерін талдайды.
Дескрипторлар:
Дерек көзі бойынша суреттелген қолданбалы өнер саласын атайды;
Қолданбалы өнер саласының дамуы туралы автор ұсынған негізгі ақпаратты түсіндіреді;
Авторды таң қалдырған ақпаратты жазады;
Г.Рубрук пен Ибн Баттута деректерінің екі ұқсастығын жазады;
Деректердің маңызына баға береді.......
27.01.2020
Вернуться назад