DataLife Engine / Түріктер туралы тарихи деректер (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Түріктер туралы тарихи деректер (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түріктер туралы тарихи деректер (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Көшпелілердің шаруашылығы жөнінде араб және қытай деректерін зерттеу;
М Сабақты «Миға шабуыл» стратегиясынан бастаңыз. Барлық сыныппен 5-сыныпта алынған білімді пайдаланып, төмендегі сұрақтар бойынша талқылау ұйымдастырыңыз:
• Деректер деген не? Деректердің қандай түрлерін бізелісздер?
• Деректердің құндылығы неде?
• Деректер қандай ақпаратты құрайды?
Б Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді.
М Презентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.
ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
Зерттеу сұрағы:
Араб және қытай деректері түріктер туралы қандай ақпарат береді?
М Зерттеуді жүргізу үшін оқушыларды топтарға бөліп, түпдеректермен жұмысты ұйымдастырыңыз.
Тапсырма №1.
Т Топтарға көшпелілердің шаруашылығы мен қолөнері туралы ортағасырлық деректердің мәліметтері таратылады (Қосымша 1). Әрбір топ келесі тапсырмаларды орындайды:
1-топ: деректерге сүйеніп, көшпелілер шаруашылығының ерекшеліктерін анықтайды;
2-топ: қытай және араб деректерінің мәліметтеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстырады;
3-топ: деректердің құндылығын бағалап, 4-5 дәлел келтіреді.
Т Топтың мүшелері өз жұмыстарының қорытындысын келтіреді (постер, кластер, инфографика, хабарлама, баяндама және т.с.с.).
ҚБ Топтардың өзара бір-бірін бағалауы төмендегі критерилерге сәйкес іске асырылуы:
-тақырыптың ашылуы;
-дәлелдердің келтірілуі;
-жұмыстың кериативтілігі
Интерпретация
Т/Ж Түпдеректерге толыққанды талдау жүргізу мақсатында топтарға/жұптарға карточкаларды таратыңыз. Әрбір топтың/жұптың міндеті карточкада келтірілген дерекке жан-жақты талдау жасау......
26.01.2020
Вернуться назад