DataLife Engine / Қазақстанның ішкі суларының түрлері (9 сынып, II тоқсан)

Қазақстанның ішкі суларының түрлері (9 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ішкі суларының түрлері
Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстанның ішкі суларының түрлерімен танысып, ерекшеліктерін талдайды.
Оқу мақсаты: 9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулар.
Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
Тақырыпқа шығу.
Бейнефильм көру арқылы Қазақстанның өзендерімен танысу.
Мұғалім іс-әрекеті:
-Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
Сабақтың тақырыбы анықталады.
Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырылады.
Оқушы іс-әрекеті:
Топтық жұмыс
Тапсырма №1. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс Тақырыбы: Қазақстанның өзендері
Мақсаты: Қазақстанның ішкі суларының түрлерімен,ерекшеліктерімен, өзен суының шығыны мен жылдық ағыны және қоректенуімен танысу.
1-топ: Өзен жүйелері мен өзен алаптары
2-топ: Көл жүйесінің ерекшелігі
3-топ: Өзен суының шығыны мен жылдық ағыны
4-топ: Өзендердің қоректенуі мен режимі
Бағалау критерийі: Білу және түсіну, Қолдану
Бағалау дескрипторы:
Қазақстанның ішкі суларына түсінік береді.
Көл жүйесінің ерекшелігін сипаттайды.
Өзен суының шығыны мен жылдық ағынын есептейді
Өзендердің қоректенуі мен режимін анықтайды
Бағалау. Топтар бірін- бірі галерея әдісі бойынша бағалайды.
Кері байланыс.
Тапсырма №2. Кестемен жұмыс (Жұптық жұмыс)
Тақырыбы: Қазақстанның көлдері
Мақсаты: Ғаламтор желісіндегі ақпарат көздерін пайдалана отырып Қазақстанның ірі бес көліне кесте арқылы сипаттап, талдау жасау.(Каспий,Арал,Балқаш,Зайсан,Алакөл)
№ Көл атауы Географиялық орны мен ерекшелігі, көлемі Пайда болу жолы Халық шаруашылығындағы маңызы
Бағалау дескрипторы:
Көлдердің географиялық орны мен ерекшелігін анықтайды
Көл жүйесінің пайда болу жолдарын сипаттайды.
Шаруашылығындағы маңызын атайды
Бағалау. Жұптар бірін- бірі бағалайды.
Кері байланыс.....
27.09.2019
Вернуться назад