Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

 Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіру (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
3.2.2.2 ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• катаклизм ұғымын түсінідіре алады;
• ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіре алады;
• ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.

1. Ой қозғау Оқушыларға табиға апаттар жайлы репортаж ұсынылады. Видоены көрер алдында төмендегідей сұрақтар қойылады:
-қандай табиғат құбылысы жөнінде репортаж?
-бұл жағдайдың болуына не әсер етті?
-зардабы қандай болды?

2. Талқылау және ой білдіру (ұжымда) Оқушылар сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, талқылайды. Осы репортаждан өзге өздері өмірлерінде көзімен көрген және теледидардан жаңалықтардан естіген табиғи апаттар жайлы әңгіме қозғалады. Мысалдар келтіріледі.

3. Болжау Оқушылардан «катаклизм» ұғымын естігендері бар ма деп сұралады. Білетін оқушылар бар болса олардың ой-пікірлері ортаға салынады
4. Сабақ мақсатын анықтау
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-катаклизм ұғымын түсінідіреміз;
-ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіреміз;
-ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырамыз.
5. Әңгіме құра (Топта)
-Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Оларды топқа бөлу үшін 5 қолайсыз табиғат құбылыстарын атау ұсынылады. Атауларды ұстаз тақтаға жазып отырады. Оқушылар ретімен атауларды бір-бірлеп оқиды. Бірдей атауды атаған оқушылар бір топқа жинақталады. Мысалы: найзағай деп оқыған балалар бір топ болады.
- Әр топ оқушыларына бір қолайсыз табиғат құбылыс суреті ұсынылады.
Оқушылар сол табиғат құбылысын атайды, адам өміріне әсерін сипаттайды, қандай жерлерде (рельеф, климат т.б.) жиі болу қаупі барын әңгімелейді.
6. Анықтама құр (Жеке)
Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысқаннан кейін «катаклизм» ұғымына анықтама құрайды. Әр оқушы жеке параққа жазып қасында отырған сыныптасының анықтамасымен салыстырады. Бірнеше анықтама сыныпқа оқылып талданады. Ұстаз дұрыс анықтаманы ұсынады.

7. Кестемен жұмыс Жіктеу әдісі (жұпта)
Оқушыларға катаклизм түрлері жазылған бос кесте және әр жолақшада жазылған катаклизм түрлері таратылады. Мақсаты: берілген сөздерді кестеге дұрыс орналастырып желімдеу.

Бағалау критерийлері:
• геологиялық және ауа-райы мен климаттық катаклизмдерді ажыратады;

8. «Галереяны шарлау» стратегиясы (топта)
Оқушылар 5 топта жұмыстарын жалғастырады. Әр топ 3 әрекет (ережені) сызба, сурет, белгілер арқылы флипчатқа салып безендіреді.( -Егер табиғи апаттық жағдай болған кезде үйде болсаң қандай негізгі 3 әрекет жасайсың?)
Әр топ жұмыстарын сынып қабырғаларына іледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар галереяны шарлап, стикерлер арқылы бағалау жасайды...........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий