Мейірімді бол (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

 Мейірімді бол (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы.
Сабақтың тақырыбы: Мейірімді бол
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға
ортақ әдеп нормаларын анықтау;
қоғамға қызмет етудің әлеуметтік
маңыздылығын түсіндіру
Барлық оқушылар: түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды;
Оқушылардың көпшілігі:
қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсінеді
Кейбір оқушылар:
Әдеп нормаларын сақтау туралы мәлімет жинақтайды.

ОМ таныстыру:
• әлеуметтік жауапкершіліктің не екенін білесің;
• қоғамдағы мәселелер туралы ойыңды айтып үйренесің.
«Шеңбер құр» ойыны.
Оқушылардан бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрады
Бүгін ерекше сабақ – мейірімділік
сабағын өткіземіз.
Әр оқушы өзін Мейірім ханшасы немесе ханзадасы деп таныстырып, өз жақындарына, достарына, басқа адамдарға жақсы
тілектерімен бөліссін. Ол үшін бір оқушыға жүрек формасындағы шар беріліп, әрі қарай тілектер жалғасып отырады.
(Т)Ойлан және әңгімеле
Шеңберде тұрған оқушыларды үш топқа бөліп,әр топқа сұрақтар беру.
Бірінші топқа сұрақ: «Өз отбасыңа қандай көмек көрсете аласың?»
Екінші топқа: «Достарыңа қандай көмек көрсете аласыңдар?»
Үшінші топқа: «Бейтаныс адамдарға қандай көмек көрсете аласыңдар?»
Оқушылар сұрақтарға нәтижелі жауап беруі үшін сюжетті суреттер тарату. Олар суреттерге қарап, өз ойларымен бөліседі.

(МК.Ұ) Менің пікірім
Берілген тапсырмаларды ток-шоу формасында
орындау.
Алдын ала бірнеше оқушыға жүргізушілер, сарапшылар сияқты рөлдерді бөліп беру. Қалған оқушылар өз пікірін айтып, көрермен рөлінде болады. Ток-шоу тақырыбымен таныстырады:
Мысалы:«Қоғамда қандай мәселелер бар және оларды қалай шешуге болады?»
Алдымен оқушыларға қоғамдағы мәселелер жөніндегі видеофрагменттен немесе қоғамдағы мәселелерді суреттер мен фотолар арқылы көрсететін презентация көрсетілімін көрсету.
Талқылаулардан кейін сөз кезегі сарапшыларға
беріледі (2 минуттан артық емес) және көрермендер сарапшыларға өз сұрақтарын қояды. Сарапшылар мен жүргізушілер де мәселелерге байланысты көрермендерге өз сұрақтарын қояды.
Ток-шоу соңында қорытынды жасап,төрт топқа жалғызбасты қарттарға көмек көрсетуге арналған мерекенің жоспарын жасауды ұсыну. Жоба сұрақтары:
Сен не істейсің?
Қай уақытта?
Ол не үшін қажет?
Жобаға кімдер қатысады?
Мұндай жобаның қандай пайдасы бар?
Әр топ оқушылары жеті минут ішінде жоба жоспарын жасап, сарапшыларға тапсырады. Сарапшылар жобаларды бағалап, іске асыруға болатын ең үздік жобаны анықтайды..........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий