Мен қазақстандықпын (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

 Мен қазақстандықпын (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы: Мен қазақстандықпын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.5.1 Оқушыларға және достарына өзінің көзқарасы мен пікірін білдіру;
2.2.6.1 Рәміздерді қысқаша сипаттау, мәнін түсіну;
2.2.6.2 Мемлекеттік рәміздердің семантикасын түсіну;
2.2.6.3 Өз сөзімен Тұңғыш Президентіміз, оның Қазақстандағы тәуелсіздік алудағы рөлі туралы әңгімелеу;
2.1.5.12 Топ немесе ұжым мүшесі ретінде жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар мемлекеттік рәміздерге сипаттама бере біледі;
Еліміздегі көптеген ұлт өкілдерінің татулықта тұрып жатқандары туралы туралы әңгімелейді.
Өз сөздерімен Отан, Астана, туған жер туралы әңгімелеп айтып береді.

(МТ) Қонаққа мектептегі шетел мұғалімдері және орыс сыныптарынан оқушылар шақырылады.

(Ұ) Оқушылар жартылай шеңберде тұрып салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұранды шырқайды.

Интербелсенді тақтадан елімізді дәріптейтін бейнебаян көрсетіледі.

Сұрақтар:
-Балалар, біздің еліміз көпұлтты мемлекет. Сендер елімізде тұратын қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
-Біздің сыныпта оқитын өзге ұлт балаларымен қарым-қатынастарың туралы айтып беріңдерші.
-Балалар, сендер нағыз қазақстандық екендеріңді неден сезінесіңдер?
/Оқушылар мысалдар келтіріп, өз ойларын айтады/
(Т) (Қ) Оқушылар топқа бөлініп қонақтарға қазақстандық болу деген нені білдіретінін әңгімелейді.
1-топ. Туды қысқаша сипаттап, таныстырады. Ту туралы тақпақтар айтады.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
2-топ. Елтаңбаны сипаттап таныстырады.
Жарқыраған әр танды
Мемлекеттік Елтаңба.
Халқымыздың бейнесін
Кең таныта өрлесін.
3-топ. Тұңғыш Президентіміз туралы дайындаған альбомдарды көрсетіп, әңгімелейді.
4-топ. Слайд арқылы туған қаласы мен өз мектептерін таныстырады.
5-топ. Әнұран туралы түсінік береді.
(Ұ) Қонақтар өз ойын ортаға сала отырып, зерттеу негіздемесі ретінде оқушылармен бірге қазақ (қазақстандық) бейнесін құрайтын факторларды көрсету үшін концептуалдық картасын жасайды.
Үлгі:

(Ө) Мақал жаттау және мағынасын ашу.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!.........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0