Мен үйде уақытымды қалай өткіземін? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

 Мен үйде уақытымды қалай өткіземін? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Мен үйде уақытымды қалай өткіземін?
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.3.2 Уақытты білдіретін қарапайым түсініктерді пайдалану
1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру
1.1.5.8 Өзінің рухани, моралдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу
1.1.2.1 Кейбір нақты білімдері мен түсініктерін көрсету
Сабақ мақсаттары: Оқиғаларды мерзімдік рет бойынша құрудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру.
оқушыларды уақытқа байланысты мерзімдік терминдерді қолдануға үйрету.

Шаттық шеңбері.
Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды
Оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.
Бүгін сендер күн тәртібі туралы білесіңдер.
Күн тәртібін құрастыруды үйренесің.

(Ұ) Оқушылар шеңбер құрып отырады.
Тосын сый.
Балалар мына қораптың ішіндегі зат не болуы мүмкін?
Қазір мен жасырған жұмбақты шешсеңдер қораптың ішінде не жатқандығын біле аласыңдар.
Жұмбақ
Уақытты өлшеп санап, таппайды бір тағат (сағат)
Бұл құпияның әуенін тыңдаңдар.
Сағат не үшін қажет?
Сағаттың көмегімен уақытты өлшейді.
Бүгін сабақта уақытты ненің көмегімен өлшейтінін білетін боласыңдар.
-Күн тәртібі дегеніміз не?
-Күн тәртібі туралы не білесіңдер?
Оқушылардың пікірін білу.
Әңгіме құрастыру
Суретке қарап Асланның күн тәртібі туралы әңгіме айт.
- Аслан таңертең не істейді?
- Ол кешке не істейді? Оқушылар пікірін білу.
(Т.Ө.Тәж) Орындап көр. Өз күн тәртібіңді құрастыр.
Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген күні бойынша өз кестесін құрастырады.
А3 парағын және күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген суреттер жинағын топтарға үлестіру. Күн тәртібі сәттерінің орналасуында айырмашылық болса, сол топ мүшелері өз плакаттарын түсіндіреді.
(Ж) «Кеңес бер»
Оқушыларға сабақта ұйықтап отырған оқушы суретін көрсету.
Бала неліктен сабақта ұйықтап отыр?
Балаға қандай кеңес бересің?
Сендерде осындай жағдай болды ма?
Осындай жағдайға тап болмас үшін досыңа кеңес бер.
«Менің демалыс күнім» тақырыбында әңгімелесу.
Мәтінмен жұмыс.
Демалыс күнін алдын ала жоспарлау керек. Әдетте оны отбасында өткізеді. Бұл күндері адамдар өз сүйікті істерімен айналысады. Шуақты күндері табиғат аясында демалуға болады.
(Қ) «Дұрыс жауапты таңда» (дұрыс болған жағдайда жасыл түспен, дұрыс емес болған жаңдайда қызыл түспен белгіле)

Күн тәртібі балаларға ғана қажет
Мен күн тәртібін сақтаймын.
Демалыс күні күн тәртібін сақтау қажет емес.
Сағат онға дейін ұйықтау керек.
Демалыс күні - бөл ойнайтын және көңіл көтеретін күн..........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0