Екі түзудің өзара орналасуы 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

 Екі түзудің өзара орналасуы 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуы
Сабақ тақырыбы: Екі түзудің өзара орналасуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): кеңістіктегі параллель, қиылысушы және айқас түзулердің анықтамасын біледі, оларды кескіндейді және анықтайды
Сабақ мақсаты: кеңістіктегі параллель, қиылысушы және айқас түзулерді анықтауды, кескіндеуді, қолдануды біледі және оларды есеп шығаруда қолдана алады.

Ұйымдастыру кезі.
Сабақтың күтілетін мақсаттарымен танысу.
Алдын ала білімді жаңарту.
Жұппен жұмыс.
1. Бір жазықтықта екі түзу сызық қалай орналасуы мүмкін?
2. Жазықтықтағы түзулердің өзара орналасуларының түрлерін салып көрсетіңіз.

Осы жұмысты тексеру үшін мұғалім жазықтықта екі түзудің өзара орналасуын көрсетеді.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Кеңістікте екі түзу параллель болмауы да және қиылыспауыда мүмкін.
Анықтама. Кеңістікте екі түзу айқас деп аталады, егер олар бір жазықтықта жатпаса және қиылыспаса.

Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуларын схема түрінде көрсетуге болады

Айқас түзулердің белгісі
Теорема. Егер бір түзу жазықтықта жатса, ал екінші түзу осы жазықтықты бірінші түзу жатпайтын нүктеде қиып өтсе, онда бұл екі түзу айқас болады.

Жаңа материалды бекіту
Ауызша жұмыс
1. AB1 және DC түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз.

2. 2. DC түзуі мен АА1В1В жазықтығының өзара орналасуын көрсетіңіз.

3. 3. АВ1 түзуі DD1С1С жазықтығына параллель бола ма?

Оқушылар есептің шартын оқып, слайдтағы суреттеріне қарап жауаптарын түсіндіріп береді.

Жеке дифференциялдық жұмыс
Карточка А (орта деңгей)
Карточка В (жоғары деңгей)
Тексеру оқушылардың өзін-өзі бағалау арқылы жүргізіледі, слайдтар арқылы жауаптары көрсетіледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 580



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!