Үшбұрыш және оның түрлері. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері. (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Үшбұрыш және оның түрлері. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері. (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Үшбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.3.4 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қолданып, есептеуге және дәлелдеуге есептерді шығарады.
Сабақ мақсаттары: Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қайталау, оларды бекіту және есептеулер мен дәлелдеулерде қолдану.

Сабақтың басында мұғалім жасайтын акценттер:
- Оқушылардың зейінің концентрациялау;
- Оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау;
- Сабақ аяғында күтілетін нәтиже (1-3-слайдтар)
«Ой қозғау»
Суретте неше үшбұрыш бейнеленген?

Жауабы: 6 үшбұрыш.
Сабақ тақырыбын, оқу мақсаттарын айқындау, бағалау критерийлерін қорыту.
І. Үй тапсырмасын тексеру, талдау және өзін- өзі бағалау.

Осы кезеңде оқушыларда өмір бойы үздіксіз білім алу, сондай-ақ өз жұмысының сапасы үшін жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу дағдылары дамиды.
Үй жұмысын дайын жауап парағы бойынша тексереді.

II. Глоссарийдағы терминологиямен ауызша жұмыс.

Оқушылар жұпта бір-біріне терминдерді үш тілде айтып, өздерін презентация бойынша тексереді.

Оқушыларды бірдей деңгейлі топтарға бөлу: теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты және қабырғалары әртүрлі үшбұрыш (түрлі-түсті қағаз қиындыларын жинау барысында топ құрылады).

III. Топтық жұмыс
Сынып алдында кластер қорғау
Жақсы баға алуға тырысамын деп оқушы мақсатқа жету, еңбексүйгіштік, акамемиялық адалдық дағдыларын қалыптастырады.
• Тапсырма: (теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты және қабырғалары әртүрлі үшбұрыш) «..................................үшбұрыш және оның элементтері мен қасиеттері» кластерін жасау

Үшбұрыш және оның элементтері мен қасиеттері (бір-бірін бағалау) Бағалау критерийлері:
1) Үшбұрыш (теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты және қабырғалары әртүрлі үшбұрыш)анықтамасын біледі,
2) Үшбұрыш (теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты және қабырғалары әртүрлі үшбұрыш) сызбасын бейнелейді,
3) Үшбұрыш (теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты және қабырғалары әртүрлі үшбұрыш) элементтерін кескіндейді,
4) Үшбұрыш (теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты және қабырғалары әртүрлі үшбұрыш) қасиеттерін тұжырымдайды,
5) Берілген ақпарат түсінікті және рәсімдеуі дұрыс.
Әр топ өз жұмысын сынып алдына шығып қорғайды және бағалау жүргізіледі.

ІV. Жеке жұмыс

Сабақтың бұл кезеңіңде оқушылар мәселені қою және шешім қабылдау, өз сапасы үшін жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу, сабақтағы әр алуан мәдениеттер мен пікірлерге құрмет сезімін тәрбиелеу құндылығын дамытады.

• Әр қатардағы оқушы жеке тапсырманы 4 минут ішінде орындайды.
Содан соң үлестірім парақтарымен алмасады, сол қатарда отырған келесі оқушыға береді. Сөйтіп алдыңғы партада отырған оқушының шығару жолын тексеріп, келесі тапсырманы орындау жүргізіледі.

Нәтижесінде әр оқушы 4 есеп шығарады, соңыңда есеп нөміріне сәйкес топтасып, бағалау критерийлері бойынша бағалайды және өз қатарында әр тапсырмаға талдау жүргізеді.

Тапсырма: Берілгені бойынша белгісіз элементті анықтаңыз.

1-нұсқа
2-нұсқа

№1. Берілген мәлімет бойынша үшбұрыштың белгісіз бұрыштарын анықтайды.
Бағалау критерийлері:
1) үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы пайдаланады;
2) тең бүйірлі үшбұрыштың табан бұрышының қасиетін қолданады;
3) үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын жазады;
4) үшбұрыштың бұрыштарын анықтайды........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий