y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 3-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 3-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 3-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.4.1.1 y=√x функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;
8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу.
Сабақ мақсаттары: y=k√(x+m)+n функциясының графигін салу;
y=k√(x+m)+n функциясының анықталу облысын табу;
y=k√(x+m)+n функциясының функциясының мәндер облысын табу;
аргументтің берілген мәндері бойынша y=√x функциясының мәндерін табу;
y=√x функциясының берілген мәні бойынша аргументтің мәнін табу;
теңдеулерді графиктік тәсілмен шешу.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Ауызша тапсырмалар.
Мұғалім ауызша сұрау арқылы оқушылардың өткен сабақта меңгерген y=√x функциясы туралы білімдерін, оның қасиеттерін қайталайды.
Тапсырма. Төмендегі деректер бойынша функция құрастырыңыз. Осы функциясының графигі қалай салынатынын түсіндіріңіз.

Содан кейін оқушылар теңдеулерді графикалық тәсілмен шешу алгоритмін қайталайды және алгоритмді пайдалана отырып, бірнеше теңдеулерді шешеді.
3. Есеп шығару. Жеке жұмыс.
Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды жеке орындауды ұсынады. Бұл тапсырмалар функциясының графигін салу, оның анықталу облысы мен мәндер облысын табу дағдысын дамытуға бағытталған.
Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді, оларға сұрақтар қойып, бағыт-бағдар береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Оқушылар жұмысты аяқтаған соң, жұптарда өзара бағалау жүргізеді, сонымен қатар, мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Оқушы
иррационал өрнектің мүмкін мәндер жиынын табады;
функциясының анықталу облысын табады;
функциясының мәндер облысын табады;
берілген график бойынша сәйкес функцияны формула түрінде жазады;
аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады;
функцияның берілген мәні бойынша аргументтің мәнін табады.
Жұмысты аяқтаған соң, оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.

4. Практикалық мазмұнды есепті шешу. Жұптық жұмыс.
Мұғалім оқушыларға тежелуден кейін машина жылдамдығының жол бетінің кедергісінің коэффициентінен және тежелу жолының ұзындығынан тәуелділігі туралы практикалық есепті жұптарда шығаруды ұсынады. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аударылады.
Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий