Қорытынды және талқылау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Қорытынды және талқылау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Қорытынды және талқылау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.6.1 алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Алынған мәліметтерді «түрлі формада көрсету» ұғымын тұжырымдайды;
• Алынған деректерді графикалық түрде көрсетеді;
• Қорытындыны түрлі нұсқада ұсынады және талқылайды.

1.Мәселелік сұрақ
Мәселелік сұрақ арқылы оқушылардың өткен сабақтардағы үйренген білімдерін қолдану мәселесін ортаға салу.
Үлгі сұрақтар:
Зерттеу жұмысы бойынша жиналған мәліметтерді не істеуге болады ?
Жинақталған деректер тиімді болу үшін не істеу қажет?
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- жиналған мәліметтерді талдаудың маңыздылығын ашады;
- мәліметтерді көрнекі бейнелеудің артықшылықтарын сипаттайды.
2. «Can you guess?»-Сиқырлы әріптер
Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсаттарын жасырын символдар арқылы жасырады. Жасырын символдарды табу арқылы сабақ мақсаты анықталады. Оқушылардың сыни ойлау дағдылары дамытылады.
Fksy5fy v2k3vtnnthl3 n8hk3 ajhvflf r-hctne 95svsy n9;shsvlfqls^
Fksy5fy lthtrnthl3 uhfabrfks0 n8hl3 r-hctntl3^
)jhsnsylsys n8hk3 y9c0flf 9csyfls ;2yt nfk0skfqls7
3. Жаңа тақырыпты зерттеу
Оқушылар шағын зерттеу жұмысын жүргізеді.
Оқушылар сілтемеден ақпарат алып зерттейді.
3-4 түрлі түсті стикерлерді оқушыларға беріп, түс арқылы топқа бөлу. Немесе берілген сілтемені пайдаланып топтарға бөлуге болады. Қосымша тапсырмаларды келтірілген сілтемеден алуға болады.
Тапсырма:
1 топ жасыл – Доптың құлау уақытын зерттеу
2 топ сары- Компьютер ойындарының адам ағзасына әсері
3 топ көк- Дұрыс тамақтанудың пайдасы;
4 топ қызыл – Күнделікті өмірдегі математика
Топтар постерлер ұсынады, бір-бірін бақылау және бағалау жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- топтардың өзара бағалауы
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- зерттеу сұрағын анықтайды;
- айнымалыларды сипаттайды;
- қажетті деректер жинайды;
- мәліметтер кестесін құрады;
- кестелік мәліметті өңдейді;
- мәліметті көрнекі, графикалық жолмен бейнелеп көрсетеді. (постер);
Топтардың презентация жасауы үшін әр топқа 2-3 мин уақыт беріледі......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий