Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.4.1 Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Зерттеу жұмысы барысында деректерді стандарт өлшем бірліктермен жазады;
• Физикалық шамалар қалай өлшенетіндігін анықтайды;
• Халықаралық өлшем бірліктер жүйесін зерттейді;
• Ескі өлшем бірліктер жүйесімен танысады.

1. Ойқозғау
Ойқозғау тапсырмасы арқылы оқушыларға сабақ мақсатын анықтауға көмектесу.
Оқушыларға партаның ұзындығы мен енін қарыспен өлшеуін ұсыну.
Алған мәндерімен бөлісуін сұрау.
-Мәндер неге әртүрлі болды?
(әрқайсының алақаны әртүрлі)
-Қандай қорытындыға келдіңдер?
Мүмкін болған жауаптар:- өлшеу эталоны керек.
Оқушыларға сабақтың мақсатын анықтауға мүмкіндік беру.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Халықаралық бірліктер жүйесі.
Температураны, ұзындықты, жылдамдықты, күшті физикалық шамалар деп атайды. Әр шаманың өз өлшем бірлігі бар. 1963 жылдан бастап Ресейде және басқа да елдерде Халықаралық бірліктер жүйесі қолданыла бастады. Физикалық шамалардың бірліктері негізгі және туынды бірліктер болып бөлінеді. Негізгі үш бірлікпен сендер таныссыңдар – олар ұзындық өлшемі (метр), уақыт (секунд), масса(килограмм). Негізгі бірліктер саны -7. Ал қалған шамалардың бірліктері туынды бірліктер. Мысалға жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с.
3. Жаңа білімді бекіту:
Қалыптастырушы бағалау: Жұппен жұмыс
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың өзара бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- Өлшем бірліктерді дұрыс көрсетеді;
- Физикалық шамалардың бірліктерін дұрыс сәйкестендіреді.

Физикалық шамалар мен өлшем бірліктері арасындағы сәйкестікті тап:
Жылдамдық сағат
Уақыт м/с
Масса км/сағ
қашықтық кг
с
г

4. Кестені толтыр
Кестені толтыру арқылы оқушылар тілдік дағдыларын дамытады.

Халықаралық бірліктер жүйесі.
Негізгі физикалық шамалар Өлшем бірліктері
ұзындық L (ағылш.length) метр м
t (ағылш.time) с
m (ағылш.mass) кг

Оқушылар бір- бірінің дәптерін тексереді.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың өзара бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- Өлшем бірліктерді дұрыс толтырады;
- Физикалық шамалардың бірліктерін дұрыс сәйкестендіреді.
5. Білімді пысықтау-Жұппен жұмыс
Оқушылар мәндерді өзгертіп жұппен жұмыс жасайды )
Мәндерді ХБЖ – ға айналдыру
Масса/кг қашықтық/м уақыт/с
1т =1000 кг 1 км= 1000 м 1 мин =60с
1 г=0,001 кг 16мм = 0,016 м 6 мин = ...с
0,3 т =……. кг 30 мм=______м 2 сағ = ...с
200 г =……. кг 2 км = ………..м 30 см = м
12 т=………кг 15 см= ………м 0,5 сағ = .....с
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың өзара бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 577



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі