Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам.
Сабақтың тақырыбы: Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.3.1 Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- Жер қабықтарын (литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера) бір-бірінен ажыратады;
- Жер қабықтарының өзара байланысын тірек-сызабада графикалық түрде көрсетеді;
- Жер қабықтарының өзара байланысын сипаттай алады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Білімді актуализациялау. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Жағымды көңіл-күй орнату. Мұғалім сұрақ қояды: «5 сныпта өтілген материалдар бойынша Жер қандай қабықтардан тұрады? Олардың құрылысын еске түсірейк»
Оқушыларды топтарға біріктіру: атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера
(мүмкін оқушылардың туған күн мезгілдері бойынша көктем, жаз, күз, қыс топтарына бөлу т.б.
Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлайды)
2. Ой қозғау:
Бүгін топтардың атаулары өзгеше. Қандай пікір бар?
- бүгін сабақ не туралы болады?
- қандай тақырыпты өтеміз?
3. Мақсатты тұжырымдау
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.
(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)
4. Мұалімнің түсіндірмесі.
Географиялық қабық дегеніміз - Жердің сыртқы қоршаған қабығы, оның құрамына - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Бұл біздің планетамыздың қиын және күрделі жүйелерінің бірі.Географиялық қабық гидросфераны толығымен, атмосфераның төменгі қабыттарын, литосфераның жоғарғы қабаттырнын , және сондағы тіршілік иелерін зерттейді.
5. Білімді бекіту
Топтық жұмыс. Сурет немесе графикалық сызба бойынша тақырып туралы мини хабарлама жазу
- Жер қабықтарын атау
- Анықтамасын жазу
Дескрипторлар:
Жер қабықтарын атай алады;
Жер қабықтарының анықтамасын біледі
Мұғалім кері байланыс береді.
Жұптық жұмыс. «Жер қабықтарының өзара байланысы туралы сызбаны толықтырып аяқтаңыз»
(терминдер, мысалдар жазу, сурет салу.)

Жеке жұмыс. Оқушылар жауаптар негізінде (қолдау көрсету үшін мүмкін деңгейі төмен оқушыға /топқа жауаптары немесе жартылай жауаптары бар парақшалар беру керек), сызба арқылы тақырыпты ашады. Жұмыс дәптерлеріне жазады немесе толықтыра сызады.

5. Дене шынықтыру минуты.
Мұғалім Жер қабықтарын дауыстап айтады, ал оқушылар: «Атмосфера – секіру, Литосфера - отыру, Гидросфера – 2 рет қол шапалақтау, Биосфера-3 рет қол шапалақтау және оңға-солға иілу»
Топтық жұмыс .
Жұмысты орындау критерийлерін анықтап алу – 2 минут
1. Мәтіні бойынша оқи отырып зерттеп, нәтижесін сұрақтар түрінде ұсыну /3 жабық сұрақтар мен 3 ашық сұрақтар құрастыру/
Сұрақтарға жауапты А4 парағына жазу.
- Сұрақтармен басқа топтармен алмасып, жауаптар жазу
Қорытындылау:бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 828



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!