Халық тығыздығы (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Халық тығыздығы (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Халық тығыздығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушы: • Дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіреді;

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ «5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар дүниежүзінің нәсілдік құрамының картасымен жұмыс жасайды. Картадан нәсілдердің таралу аймақтарын көрсетеді.
1 топ: еуропеоидтік нәсілдің таралу аймақтарын көрсетеді және антропологиялық ерекшеліктерін атайды;
2 топ: монголоидтік нәсілдің таралу аймақтарын көрсетеді және антропологиялық ерекшеліктерін атайды;
3 топ: негроидтік нәсілдің таралу аймақтарын көрсетеді және антропологиялық ерекшеліктерін атайды;
4 топ: аустралоидтік нәсілдің таралу аймақтарын көрсетеді және антропологиялық ерекшеліктерін атайды

Дескрипторлар
Оқушы
-Карта бойынша жұмыс дұрыс жасайды;
-Шартты белгілерді қолдана отырып, картаны дұрыс оқиды;
-Нәсілдердің таралу аймақтарын карта бойынша дұрыс анықтайды;
-Нәсілдердің антропологиялық ерекшеліктерін дұрыс сипаттайды.

Топтар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға дүниежүзінің халық тығыздығының картасын көрсетіп, сұрақ қояды:
-Карта бойынша қандай аймақтарда халық тығыздығы жоғары және төмен?
-Оның себебі неде?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс береді.
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
• Дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіреді;
4. Бейнеролик қарау.
«Халық тығыздығы ең жоғары елдер».

«Халық тығыздығы ең төмен елдер».

Оқушылар халық тығыздығы жоғары және төмен елдерді дәптерлеріне жазып алулары қажет.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
-Бейнероликтерде көрсетілген елдерде халық тығыздығының жоғары, төмен болуының себептері неде?
5. Мұғалім түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Мұғалім оқушыларға халық тығыздығына әсер ететін факторларды айтады.
Халық тығыздығына әсер факторлар:
-табиғи-климаттық жағдайлар;
-теңіз, мұхиттардың жақындығы;
-жер бедері;
-территорияның игерілу деңгейі;
-халықтардың салт-дәстүрлері;
-көлік жолдарына, тораптарына жақындығы;
-саяси жағдай;
-экологиялық жағдайы;
-әлеуметтік-экономикалық факторлар.
6. Картамен жұмыс. Оқушылар халық тығыздығының картасын пайдалана отырып, кескін картаға халық тығыздығы жоғары 10 елді, халық тығыздығы төмен 10 елді түсіреді. Қабілеті жоғары оқушылар әрқайсысына 10 елден, қабілеті төмен оқушылар әрқайсысына 5 елден түсіреді.
Дескрипторлар
Оқушы
-Шартты белгілерді қолдана отырып, картаны оқиды;
-Карта бойынша тығыздығы жоғары және төмен елдерді дұрыс анықтайды;
-Шартты белгілерді қолдана отырып, кескін картаға елдерді түсіреді, атауларын жазады;
-Осы елдердегі халық тығыздығының жоғары және төмен болу себептерін түсіндіреді.
Мұғалім формативті бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.
7. Топтық жұмыс. Оқушылар топтарда жұмыс жасай отырып, кейбір аймақтардағы халық тығыздығының жоғары және төмен болуын зерттеп, түсіндіреді .....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий