Бақылаулар мен өлшеу деректері (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

  Бақылаулар мен өлшеу деректері (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Бақылаулар мен өлшеу деректері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар : 5.1.4.2 бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркейді
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• аспаптың бөлу бағасы дегенді білу;
• құралдардың көрсеткіштерін анықтау қадамдарының жоспарын жасау;
• формулаға сәйкес құралдардың бөлу бағасын есептей білу.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру және тақырып бойынша білімдерін бағалау

Қойылатын сұрақтар:
Сіздер қандай өлшегіш құралдарды білесіздер?
Құралды қолданып қалай өлшемді алуға болады?

( Оқушылар жауабын қорытындылай келе сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу)

Сұрақ: Құралдың бөлу бағасы деген не?
Кез келген физикалық шаманы анықтау үшін, құралдың шәкілінің бөлу бағасын дұрыс анықтап алу керек.
Құралдың бөліну бағасы төмендегі формуламен шығарады.

Топтық жұмыс
1 тапсырма
Құралдың көрсеткіштерін анықтаудың жоспарын құрастыру (термометр, сызғыш,таразы т.б.).
1 топ
Термометр көрсеткішін алу
2 топ
Сызғышпен өлшеу
3 топ
Таразымен өлшеу
«Әткеншек» (Карусель) әдісі арқылы постер қорғау.
Топтар сағат бағытымен айналып барлық топтың сызбасымен танысады және басқа топ жұмысына түзетулер мен ұсыныстар енгізуге болады.

Құралдың көрсеткіштерін анықтадың жоспары
1. Құралда бөлшектерге бөлінген шәкілдерді анықтау
2. Бір біріне жақын екі шәкіл көрсеткішін алады.
3. Олардың айырмасын табады.
4. Осы екі шәкіл арасындағы ұсақ, аралық бөліктерді санайды.
5. Алынған айырманы аралық бөліктер санына бөледі

Жұптық жұмыс
2 тапсырма
(қосымша1)
1.Термометрмен сынып бөлмесінің және стақанға құйылған ыстық, суық судың температурасын өлшеңіз.
2.Өлшегіш цилиндрмен су көлемін өлшеңіз
3.Белгілі бір уақыт аралығында секундомермен (10 жүректің соғысын) немесе 10 рет отырып тұрғаннан кейінгі жүрек соғысын санаңыз.

Жұмыс барысы
1. Құралда бөлшектерге бөлінген шәкілдерді анықтау
2. Бір біріне жақын екі шәкіл көрсеткішін алады.
3. Олардың айырмасын табады.
4. Осы екі шәкіл арасындағы ұсақ ,аралық бөліктерді санайды.
5. Алынған айырманы аралық бөліктер санына бөледі
Осы қадамдар арқылы құралдың бөліну бағасын анықтаңыз.
6.Деректерді кестеге толтырыңыз

Өлшегіш құрал
Өлшеудің шегі (құрал көрсеткіштері)
Аралық бөлшектер саны
Құралдың бөліну бағасы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 271



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі