Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

 Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): зерттеу жоспарын құрастыру
Сабақ мақсаттары: • зерттеу жүргізу кезіндегі әрекеттер ретін білу
• зерттеу жоспарын құрастыруды түсіндіру
• зерттеу кезіндегі әр әрекеттер маңызын талдау

Сабақты ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын құру
«Шаттық шеңбері» оқушылар бір-бірімен қол ұстасып, шеңбер бойымен тұрады. Бір – біріне қарап, жақсы тілек айтады.

Оқушыларға түрлі іс-әрекеттер бейнеленген карточкаларды беріп, оларды рет-ретімен орналастыруды сұрау.

Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды жоспарлау туралы ұғымға әкелу
Мысалы:
Кейіпкерге ат қойыңыздар
Бұл суретті қалай атауға болады?
Ол не істеп жатыр?
Осы әрекеттер ретін сақтау маңызды ма?
Әрекеттер реті сақталмаса не болар еді?
Оқушыларға сабақтың тақырыбы хабарланады.
Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийін құрастыру.
Оқушыларды әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы 5 топқа бөлу.
Әр топ оқушылары сынып бөлмесінің қабырғаларына жапсырылған тақырыптық суреттерді таңдайды.
Суреттер мазмұны:
- Демалыс күні
- Теңізге саяхат
- Таудағы ауа райы
- Қарт адамдарға көмек көрсету
- Үй-жайды жинау
Оқушыларға тапсырма:
- Суретке ат қою;
- Тақырып бойынша әркеттердің жоспарын құру;
- Мүмкіндігінше көрініс (инсценировка) көрсету
Оқушыларға тапсырманы түсіндіргеннен кейін бағалау критерийін бірлесе отырып құрастыру.

(Жж) Оқушылар берілген тақырыптар аясында жоспарлау жүргізеді:

Жоспарлауды аяқтағаннан кейін оқушылар өздерінің жоспарлау кезеңдерін атайды, сыныппен талдайды.
Өздері құрастырған критерийлер бойынша бірін –бірі бағалайды..........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий