Жануарлар қайда тіршілік етеді? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Жануарлар қайда тіршілік етеді? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қайда тіршілік етеді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: жануарлардың тіршілік ету ортасын ажыратады; мекендейтін жеріне қарай жануарларды топтайды.

Ұйымдастыру.
«Кім жылдам жауап береді?»
Оқушыларға өткен сабақта алған білімдерін бекіту.
Жедел жауап
• Жер бетінің қай жерінде өсімдік өсе алады?
• Өсімдіктер тіршілік ету ортасына қарай қандай топқа бөлінеді?
• Өсімдік пен жануарлар арасында қандай байланыс бар?
• Жануарлар қандай топқа бөлінеді?
• Жануарлар мен өсімдіктердің қандай ортақ белгілері бар?
• Өсімдіктердің көбеюіне жануарлар қалай ықпал етеді?

1. Алуан түрлі жануарлар
Мәтін құрастыру
Оқушылар оқулықтағы 9 жануарлардың атын атайды.
Тоғызға дейін санау. Атаған санға сәйкес жануарды таңдап, сол жануардың рөліне кіріп, қысқаша мәтін құрастыру. Жануардың мекен ететін жерін сипаттау.
Мысалы, мен – қоңыр аюмын. Мен -жыртқышпын. Мен өзімнен әлсіз жануарлармен, кейде өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенемін. Мен қыста ұйқыға кетемін, көктемде оянамын. Мен орманда тіршілік ететін омыртқалы жануардың бірімін. Орман өте әдемі. Орманда көптеген өсімдіктер өседі.....
Жануарлар тағы қандай жерде тіршілік ете алатынын сұрау.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Ғаламтордан оқушыларға жануарлар туралы бейнефильм көрсету.
2. Зертте.
Алдын-ала жануарлар туралы қысқаша ақпараттар бар ресурстар және әр түрлі жерде мекендейтін жануарлар суреттерін дайындап қою. (ақпарат іздеу үшін мектеп кітапханасына баруға болады)
Кестемен жұмыс.
Топпен жұмыс жасау, ақпарат көздерінен тундра, дала, шөл, орман, шалғын, саванна, таулы жерлер жайлы ақпарат іздестіру.
Жануарлардың мекен ету ортасы жайлы ақпаратты кестеге толтыру.

тундра дала шөл орман шалғын саванна тау

Тундра, дала, шөл, орман, шалғын, саванна, тау сияқты жануарлар мекен ететін жерлерді салыстыру. Оларды ұқсастығына қарай топтастыру. Құраған топтарға ат қою.
Мысалы:
1. тундра, орманда мекендейтін жануарларды - орман жануарлары:
2. дала, шалғын, шөл, саваннада мекендейтін жануарларды – ашық кеңістік жануарлары
3. Тауда мекендейтін жануарларды- таулы жер жануарлары деп топтауға болады.
Кестенің астынғы жағына алдын-ала таратылған жануарлар суретін мекен ету ортасына қарай жабыстыру.
3. Жасаған жұмыстарын қорғау.
Неліктен жануарды мекен ету ортасымен байланыстырғандарын дәлелдеу. Топтық бағалау жүргізу.
Қорытынды: Өсімдіктер дүниесі сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада – суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. Әр ортаның жағдайлары әр түрлі. Бейімділікті олардың сыртқы түрінен, түсінен, сыртқы дене құрлысынан тағы басқа белгілерінен байқауға болады.
4. Мәтінмен жұмыс
Мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ құрастыру.
Жұппен талдау
5. Сен білесің бе? Оқушыларға жануарлар жердің кез келген жерлерден табылатынын, суға үңілсек те, топырақты қазсақ та, аспанға назар аударсақ та, айналаға көз салсаң та жануарлар кездесетінін айту. Мұхит түбінде де тіршілік ететін жарық шығаратын балықпен таныстыру. «Жарқырауық шамдары» оларға бір­бірін тану не жемтігін өзіне тарту үшін қажет екендігін түсіндіру.
6. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 23, 24-жұмыс парағы (25, 26-б.).........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 145



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі