Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
жануарлардың тіршілік ету жағдайы сыртқы түріне әсер ететіні жайлы түсінік алады;
жануарлар арасындағы қарым-қатынас түрін анықтайды.

Ұйымдастыру. Доппен ойын.
Өткен сабақта алған білімдерін қайталау үшін доппен ойын ұйымдастыру.
«Жануарлар қайда мекендейді?». Бір оқушыға кез-келген жануардың атын атап, допты лақтыру. Допты қағып алған оқушы жануардың қайда мекендейтінін айту керек. Ойынды бірнеше рет қайталау.

1. Салыстыр, жауап бер
- Бір-біріне ұқсайтын қандай жануарларды білесіңдер?
Бұл сұраққа оқушылар «қасқыр-ит», «мысық-жолбарыс», «қабылан- барыс», «кесіртке-саламандра», «есек-құлан» т.с.с жауаптар беруі мүмкін. Оқушылардың жауаптары тыңдалған соң оқулықтағы құлан мен кианг суреттері бойынша сұрақтар қою.
- Суреттегі жануарларды білесіңдер ме?
- Көргендерің бар ма? Қай жерден көрдің?
- Жануарлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
- Қандай ұқсастықтары бар?
- Оларды бір-біріне «туыс» деп айтуға бола ма?
Бұл тапсырманы орындауда Венн диаграммасы стратегиясын қолдану. Суреттегі екі жануарды жұпта салыстыру.
1. дене бітімі
2. бас мен құлағы
3.жал мен аяғы
Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу.
Құлан – жазық немесе шөл далада мекендейді. Құлан планетадағы өмірге бейім¬делген жануарлардың бірі. Құмдағы, қу даладағы кез келген өсімдікпен коректенеді, тұзды суды да іше береді. Жыртқыш аң-дар¬ға алдырмайды. Киангті Тибеттің бөктерлерінде кез¬дес¬тіруге болады екен. Ол таулы жерге бейімделген.
2. Жақын «туыстар»
Суреттердегі жануарларды атау. Сұрақтар қою.
- Суретте қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?
- Оларды «жақын туыстар» деп атауға бола ма? Дәлелде.
- Бұғылар қай жерде мекендейді?
- Құстар ше?
- Олардың әрекеттерін сипатта.
- Жануарлар не үшін шайқасады деп ойлайсың?
- Бәсеке деген сөзді естулерің бар ма?
Бәсеке сөзінің мағынасын ашу.
3. Зертте. Топтық жұмыс
Әртүрлі жағдайда тіршілік ететін өзара «туыс» жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
Суретте берілген жануарлардың барлық дене мүшелеріне мән бере отырып, салыстыру.
Қосымша ақпараттар алу үшін энциклопедия, жануарлар туралы кітап, журналдар, ғаламтор көздерін пайдалану. Кестенің екі жағына жануарлардың айырмашылығы, ортасына ұқсастықтары жазылады.
Түкті ара ұқсастықтары Дала арасы

Кәдімгі түлкі ұқсастықтары Қарсақ (дала түлкісі)

4. Жұмыстарын қорғау. Басқа топтар бір-бірін қайталамай толықтырулар енгізеді. Ерекше мәліметтер айтқан топ мүшелерін мадақтау. Оқушылар өз жұмыстарын қорғап болған соң, бұл жануарлар арасында бәсеке болуы мүмкін бе? деген сұрақ қойылады. (мүмкін емес, өйткені олардың тіршілік ету ортасы әр түрлі)
5. Көршілер Оқушылар суреттегі жануарларды атайды.
- Олардың қай жұбы бірдей қоректенеді?
- Олар азық үшін бір­бірімен бәсекелеседі деп айта аласың ба?
- Жануарлардың келесі жұбы туралы не айтасың?
- Олардың арасында бәсекелестік болуы мүмкін бе?
Оқушылар өз болжамдарын айтады. Кесте толтыру. Жануарлардың аттарын жазу. Бәсекелестік бар немесе жоқ деп белгілеу, себебін жазу.
Жануарлардың аттары Бәсекелестік бар Бәсекелестік жоқ Себебі
6. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
7. Ойлан Жануарлар арасында бейтарап қарым­қатынас орнаса, жер бетінде не болар еді? деген сұраққа оқушылар топта ойлану, өз болжамдарын ортаға салу.
8. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 27-жұмыс парағы (29-б.).........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий