Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі.

Әр оқушыға сабақ басталмас бұрын кері байланысқа қызыл және жасыл түсті алмалар таратылады.
Шаттық шеңбері. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып, төмендегі өлең жолдарын айту.
Сәлеметсің бе, Күн Ана!
Сәлеметсің бе,Жер Ана!
Сәлеметсің бе,Көгілдір аспан!
Сәлеметсің бе, сен!
Сәлеметсің бе Мен!
Топқа бөлу. Оқушыларды жануарлардың суреттері арқылы шағын топтарға біріктіру.
Артығын тап. «Төртінші артық» ойыны арқылы кіріспе тапсырманы орындау. Әр қатарда берілген сөздердің қайсысы артық екендігін табу. «Артық» сөздердің арасында қандай байланыс бар екендігін анықтау.
Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Оқулықта берілген суреттің ұқсастығы мен байланысын табу.
Сұрақтарды талқылау.
- Өсімдіктер мен жануарлар не істейді?(Қоректе¬неді.)
- Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі.)
- Өсімдік нені сіңіреді?(Күн энергиясын.)
- Одан әрі не болады? (Өсімдік бойын¬да оттек пен қоректік заттар түзіледі.)
- Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Күш-қуат алады.) Осы¬лайша оқушылар жануарлар да өсімдіктер сияқты қо-ректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі.
Өмір үшін маңызды. Суреттерден қандай өмірлік маңызы бар үдеріс жайлы білуге болатынын анықтау.
Талқыланатын сұрақтар:
- Суреттегі өсімдіктен не байқадың?
- Тасбақадан ше?
- Мұны қандай белгілер арқылы анықтадың?
- Осы үдерісті құрлықта да оңай бақылауға бола ма?
- Егер тірі ағзалар тыныс алуды тоқтатса, не болады?
Фотосурет көмегімен жауап бер. Суреттегі жануарлардың өсімдіктерге қандай көмегі тиетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беру.
- Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).
- Ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда үнемі тұмсығымен ұстап тұра ала ма?
- Тиін күз бойы қысқа арнап жинаған жаңғақтарының орнын таба ала ма?
- Келесі суреттегі иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары түгіне жабысып қалған.)
- Олар жерге түсіп қалуы мүм¬кін бе? (Иә.)
- Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін.)
- Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі.) Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Өсімдіктер фотосинтез үдерісі кезінде Күн сәу¬лесінің энергиясын қоректік зат энергиясына айнал¬дырады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенген кез¬де сол қоректік заттарды бойына сіңіреді. Өсімдіктер фотосинтез үдерісінде көмірқышқыл газды оттекке айналдырады.
Өсімдік тұқымын таратуда жануарлардың маңызы зор. Жорғаторғай мен тиін қысқа құрғақ жеміс жинай¬ды. Бір жерден екінші жерге жасырып жүріп, оларды жоғалтады, орнын ұмытып қалады. Бұл жемістерден жаңа өсімдік өсіп шығады.
Түйежапырақ, итошаған сияқты өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың жүніне жабысып, басқа жерге түсіп қалады. Жолжелкен сияқты шөптесін өсімдік тұқымдары сүтқоректі жануарлардың тұяқта¬рына жабысу арқылы таралады.
Зертте. Бұл тапсырманы орындау үшін жануарларға кейбір мүшелері пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер жазылып дайындалған үлестірме парақшаларды тарату керек. Плакаттың бір бөлі¬гінің жоғарғы жағына «Өсімдік», екінші жағына «Жануарларға пайдасы» деп жазылады. Жеке бір топқа үлестірме парақшаларды екіге бөліп, әрқайсысына жарты мәтіннен беріледі.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Әрбір оқушы ақпаратпен дұрыстап танысуы тиіс. Қажет болған жағдайда энциклопедиядан қо¬сымша мәліметтерді оқу.
• Плакаттың бір бөлігіне өсімдік сипаттамасы жазылған кестені жапсыру. Керісінше, екінші бөлі¬гіне өсімдіктің бөліктерін және олардың жануар¬ларға пайдасын жазу. Мысалы, жусан – жапы¬рақ – қорек.
• Алынған ақпаратпен топ ішінде алмасу.
• Талдау жасау.
Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.
Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?
Бөріжөкенің суретін көрсетіп, оның улы өсімдік екенін айту. Оны жануарлар жемейтінін, тек құстар ғана оның жидегімен қорек¬тенетінін айту. Оның улы өсімдік екенін, денсау¬лыққа зиян екенін ескерту.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
20-жұмыс парағы. «Өсімдіктер мен жануар-
лардың өзара байланысы», 22-б.
Өзара байланыс. Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылар кесте толтырды (Ықтимал жауаптары:
Су қарақұмығы. Өсімдік мүшесі: тұқымы; Қандай жануарлар: үйрек, қаз; Не үшін қажет: қоректенеді.
Інжугүл. Өсімдік бөлігі: жемістері; Қандай жануар: бұғылар және т.б.; Не үшін қажет: асқазанды емдейді.
Батпақ аққанаты. Өсімдік бөлігі: сабағы, собығы. Қандай жануарлар: бұлан, ондатр, құндыз және т.б. Не үшін қажет: асқазанды емдейді.
Утамыр (цикута). Өсімдік бөлігі: сабақтары; Қандай жануарлар: құндыз; Не үшін қажет: асқазанды емдейді).
21-жұмыс парағы. «Байланысын анықта», 23-б.
Өсімдіктер мен жануарлар. Оқушылар өсімдік¬тер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады. Кейбірі қажетті сөздерді де қол¬дана алады. Сөздерді суреттермен сәйкестендіріп, одан әрі оларды бояйды........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 850



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі