Табиғи бірлестіктер қалай өзгереді? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Табиғи бірлестіктер қалай өзгереді? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат.
Сабақтың тақырыбы: Табиғи бірлестіктер қалай өзгереді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттау;
3.2.1.4 адам іс-әрекетінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Табиғат бірлестіктерінің өзгеруін түсінеді.

Ойсергек. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып «Аялы алақан» әдісі бойынша сабаққа қызығушылығын арттыру.
Жедел жауап. «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушылардан өсімдік бірлестігі туралы білімдерін анықтау. Доп арқылы сұраққа жауап алу. Сұрақтар:
- Өсімдік бірлестігінде қанша өсімдік болады?
- Бірлестік өсімдіктері өзара қалай байланысады?
- Бірлестіктегі тепе-теңдік қандай табиғат жағдайлары арқылы сақталады?

Өзгеріс. Өсімдіктер ылғалды артығымен не жылуды азырақ алса, бірлестікте қандай өзгеріс болатынын анықтау.
Ылғалды артығымен қабылдау өсімдіктің өлуіне әкеп соғады, яғни бірлестіктегі өсімдік саны мен құрамы өзгереді. Ылғалсүйгіш өсімдіктер үшін қолайлы жағдай болған-дықтан, уақыт өте келе мұндай өсімдіктер саны артуы мүмкін.
Көл. Көлдің орманға айналу себептері мен кезеңдерінің дұрыс ретін табу. Оқушылар көлдің жоғалу себептерін анықтап, сипаттайды.
Топқа бөлу.
«Мозайка» стратегиясы арқылы топқа бөліп, әр топқа көлдің өзгеріске ұшыраған ретін талқылап,өз ойларын ортаға салу.
Адам мен табиғат. Оқушыларды жұптастырып табиғи бірлестіктің өзгеру себебін анықтау. Адамның іс-әрекеті салдарынан табиғи бірлестіктің өзгерген жағдайлары туралы ойларын ортаға салу.
Зертте. Табиғи бірлестік өсімдіктерінің алуантүрлілігін зерттеу мақсатында оқушылар мектептің жанындағы аймақтарға бақылау жасайды. Зерттеу жұмысы үшін сыныпты шағын топтарға бөліп, әр топқа 1м² аумақта зерттеу жүргізуді тапсыру ұсынылады.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Топта бірлестіктің табиғи жолмен немесе жа¬санды жолмен құрылғанын талдау.
• Аймақтағы өсімдіктердің алуантүрлілігін анықтау.
• Қандай өсімдік түрі жиі кездесетінін табу.
• Оларға қандай жағдай тұрақты түрде жасала¬тынын анықтау.
• Басқа топтың қорытындыларымен салысты¬ру.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Бір табиғи бірлестікке кіретін кейбір өсімдіктер әртүрлі жылдамдықпен өседі. Бетегелі дала алқабы, шырша мен емен ормандары ұзақ жылдар бойы тіршілік етеді. Шағын көлдер, батпақты шалғындар, тақырлар өзгеруі мүмкін. Салқын жаңбыр¬лы жаз бен аязды қыс, күндізгі аптап ыстық пен таңғы суық ызғар бір өсімдіктің жойылып, орнына басқа өсімдіктің қаулап өсуіне ықпал етеді. Осылайша бірлестіктер ауысып отырады.
Су тасқыны, өрт, дауыл сияқты табиғат апаттары бірлестіктің жойылуына әкеп соғады. Табиғи бірлестіктің қалпына келуі¬не ұзақ уақыт қажет. Мысалы, шырша ор¬маны тек жүз елу жылдан кейін ғана қалпы¬на келеді.
Адамдар егіс, бақша, бақ, саябақ отырғызып, жасанды бірлестік жасайды. Олар өздігінен өсе алмайды. Адам күтіп-бапта¬маса, арамшөп басып, табиғи бірлестікке ұқсап кетеді.
Ойлан. Орман жерінің босап қалуының себептерінің тізімін топпен бірлесіп жасау ұсынылады. (Бірлестіктер сұрапыл апат, су тасқыны, өрт сияқты табиғи жолмен жойылуы мүмкін. Сонымен қатар адамдардың бейберекет шауып, от жаққанда ережелерді сақтамау әрекеттері де себеп болады.)

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу.
Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?
Адамдар жер астынан не бетінен пайдалы қазбаларды қазуда табиғи бірлестіктердің жойылуына себеп болатынын түсіндіру. Табиғи бірлестік¬терді жойылудан сақтап қалу үшін адамдар табиғат¬ты қорғау шараларын өткізіп, арнайы аумақтардағы орманды шабуға тыйым салады. Мұндай тыйымдар неліктен керек екендігін талқылау.
Мұғалімнің түсіндіруі. Адам табиғи бірлестіктерді қамқорлығына алған. Адам табиғатқа зиян келтіретін әрекетке тыйым салады.
Табиғи бірлестік¬терді жойылудан сақтап қалу үшін адамдар табиғат¬ты қорғау шараларын өткізіп, арнайы аумақтардағы орманды шабуға тыйым салады. Мұндай тыйымдар неліктен керек, оларды қалай түсіндірер едіңдер?........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий