Атом - күрделі бөлшек (қайталау) (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Атом - күрделі бөлшек (қайталау) (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Атом - күрделі бөлшек (қайталау)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: «Изотоп» пен «нуклидтің» физикалық мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: атом құрылысының моделін біледі;
атомның элементар бөлшектері (протондар, нейтрондар, электрондар);
элементар бөлшектердің сипаттамасын анықтайды.
Көпшілік оқушылар: Атомдағы электрондардың күйі мен қозғалысын біледі;
Кейбір оқушылар: Атом құрылысы жайындағы білімдерін заманауи көзқараспен сипаттайды;

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу. Жағымды атмосфера құру.
Бейнебаян қарау: Атом деген не? Атом құрылысының заманауи моделі

Атом дегеніміз не?
Оның құрам бөліктері қандай?
Атомдық масса дегенді қалай түсінесіңдер?
Атомның массасы қайда шоғырланған?
- Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын анықтаймыз.
- (Т) «Атом құрылысы» тақырыбын қайталау. Қазіргі таңда 118 элемент белгілі
- табиғатта 340 нуклид кездеседі (250 тұрақты және 90 радиоактивті)
- 3000 жуық нуклидтер жасанды жолмен алынып қасиеттері сипатталған. Э. Резерфорд 1911 ж атом құрылысының ядролық (планетарлық) моделін ұсынды.
Электронның ашылуы. Атомдардың бөлінуі.
Бейне материал бойынша беріледі.
1-жаттығу. Жеке тапсырма
Әрбір ұғымды берілген сипаттамалармен сәйкестендіріңіз.

Атом орбиталдарының пішіні
Атомдық орбитальдар

Атомдағы электрондардың квант сандары нені білдіреді?
А) кеңістіктегі электрондардың және атомдық орбитальдің бағытталуы
Б) электронның күйі мен атомдық орбиталь типінің энергетикалық параметрлері
В) атомдық орбитальдің пішіні
С) электронның энергетикалық күйі
№2 сұрақ
Басты квант саны қандай мәндерді қабылдай алады?
a) 1-ден n – 1-ге дейінгі мәндер
b) 0-ден 7-ге дейінгі мәндер
c) 0-ден n – 1-ге дейінгі мәндер
d) 1-ден бастап кез келген бүтін санды мәндер (n = 1, 2, 3, ...)
№3 сұрақ
Орбиталь квант саны қандай мәндер қабылдай алады?
a) 0-ден n – 1-ге дейін
b) –1-ден n-ге дейін
c) –1-ден n – 1 дейін
d) n-нен 0-ге дейін
№4 сұрақ
Атом орбиталінің пішіні немен анықталады?
a) Атом орбиталінің пішінін спин квант саны арқылы анықтайды.
b) Атом орбиталінің пішінін бас квант саны анықтайды.
c) Атом орбиталінің пішінін орбиталь квант саны анықтайды.
d) Атом орбиталінің пішінін магниттік квант саны анықтайды.
№5 сұрақ
Электрон спині
a) электрон бұлтының пішіні
b) кеңістіктегі орбитальдің бағыты
c) электронның өз осі бойымен айналуы
d) кеңістіктегі орбиталь пішіні
Бағалау жүреді: алдымен оқушылар бір-бірін тексереді, кейіннен мұғалім кері байланыс береді......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 + 0 -

Добавить комментарий