Атомдық орбитальдардың гидридтенуі (sp,sp2,sp3) және молекулалардың геометриясы 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Атомдық орбитальдардың гидридтенуі (sp,sp2,sp3) және молекулалардың геометриясы 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Атомдық орбитальдардың гидридтенуі (sp, sp2,sp3) және молекулалардың геометриясы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.4 гибридтену түрлерінің айырмашылығын түсіндіру;
10.1.4.5 BF3, CH4, NH3, H2O, BeCl2 мысалында заттардың қасиеттерінің электрондық және кеңістіктік құрылымына тәуелділігін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: - гибридтену, молекулалар геометриясы туралы түсінік қалыптастыру;
- орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазып, құрастыру;

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу/ greeting
Топқа бөлу (гибридтену типтері бойынша сыныпты 3 топқа бөлуге болады)
Мұғалім сабақтың тақырыбы «Атомдық орбитальдардың гидридтенуі (sp,sp2,sp3) және молекулалардың геометриясы» айтады.

Оқушылардың назарына сабақтың мақсаты мен сабақтың барысында қол жеткізетін оқыту мақсаттары ұсынылады.
Проблемалық сұрақ қою:
-келесі формуладағы қосылыстар (СO2,BeCl2,H2O,CH4,NH3) қандай химиялық байланыс түріне жатады?
Оқушылар берілген қосылыстардағы байланыс түрін анықтайды.
Коваленттік байланыс деген не?Оқушылар өз ойларын ортаға салып талқылайды.
Коваленттік байланыстың негізгі қасиеттеріне қанығуы, полюстенуі,бағытталуы жатады. Коваленттік байланыстың қанығуы әр атомға тән ортақ электрон жұптарының санымен анықталады.

Коваленттік байланыстың полюстенуі молекулалардың өздерінің және олардағы жеке байланыстардың полюстігінің сыртқы электр өрісінің әсерінен өзгеру қабілетімен сипатталады.

Коваленттік байланыстың бағытталуы молекулалардың кеңістіктік құрылымын (пішінін), яғни олардың геометриялық формасын тудырады.
Орбитальдардың гибридтенуі – әр түрлі электрон бұлттарының араласуы және олардың пішіні мен энергиясы бойынша бірдей болуы.
Химиялық байланыс кезінде электрон бұлттарының гибридтенуі үш түрлі болады: sp,sp2,sp3
BF3, CH4, NH3, H2O, BeCl2 мысалдары арқылы мұғалім осы молекулалардың түзілуін түсіндіреді.
гибридтенуге қатысатын орбитальдар
гибридтену типтері
молекуланың геометриялық пішіні
мысалдар
s, p sp- гибридтену

сызықтық
ВеСl2

s, p, p sp2 – гибридтену

үшбұрышты


BСl3
BF3

s, p, p, p sp3 – гибридтену

тетраэдр
CH4
H2O
NH3......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 252



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!