Энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелер. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелер.  (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.2 электрон орбитальдарын толтыру үшін минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану
10.1.3.3 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату
10.1.3.4 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу
Сабақ мақсаттары: Энергетикалық деңгейлерде электрондардың орналасу сиымдылығын, минимальді энергия принципі білу.
Электрондардың энергетикалық орбитальдарға таралуын, толтыруында Паули принципі мен Хунд ережесін қолдана білу
s, p, d, f орбитальдарының кеңістіктердегі пішінін білу
алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жаза білу.

Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылармен ынтымақтастың атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.
Сабақтың стартері:
Реттік нөмірлері мынадай элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын анықтаңдар:
а) Z=12, магний Mg
ә) Z=16, күкірт S
б) Z=20, кальций Ca
в) Z=24, хром Cr.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Өткен сабақты естеріне түсіру.
Оқушыларға таратпа карточкалар таратылады немесе бір химиялық элементті таңдап алады. Периодтық жүйені қолдана отырып, таңдаған элементтерін сипаттайтын квант сандарын жазады.
Бағалау критерийі:
- Бас квант санын анықтай алады
- Орбиталь квант санын анықтай алады
- Магнит квант санын анықтай алады
- Спин квант санын анықтай алады
(әр топ бірін-бірі бағалайды )
Жаңа сабаққа дайындық
Элементті электрондық конфигурациясы немесе керісінше анықтауға болатын тапсырмаларды оқушыларға ұсынылады.
Тапсырма:
1. (а) Сутек, калий, бром атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңыз.
___________________________________________
Оқушылар электрондардың, деңгей, деңгейше, орбитальдар бойынша орналасу реттілігін олардың толтыру заңдылықтарын түсіндіру
Паули принципі бойынша әрбір орбитальда қарама қарсы спинді екі электрон ғана болуы мүмкін. Егер орбитальда бір электрон болса,онда ол жұптаспаған,, егер екеу болса, онда жұптасқан электрондар деп аталады. В.М. Клечковский ережесі бойынш электрондық деңгейшелердің толуы (n + l) қосындысының өсу реті бойынша, ал (n + l) қосындысы тең болғанда, n санының өсу реті бойынша жүзеге асады. Орбитальдарды электрондармен толтыру Гунд ережесіне бағынады: орбитальдағы электрондардың спин сандарының қосындысы максимал болуы шарт.
Слайд және Видео
(Ж) (Б) Оқушылардан кейбір элементтердің (алғашқы 36 элементтің) электронды-құрылымдық формуласын, ермексаздың көмегімен s-, p-, d-, f- орбитальдарды модельдерін, электрондардың орбитальдарда орналастыруы керек.
Топтық жұмыс:
Әр топ қарсы бір топқа химиялық элемент береді, химиялық элементтер қайталанбауы керек. Сол берілген химиялық элементтің электрон орбитальдарын толтыру үшін минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдануы жүзеге асқанын бақыланады және сол бойынша оқушылар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
(әр топ өзара бағалайды)

(Ж) Сергіту ретінде оқушыларға «Мен кіммін?» ойынын ойнауды ұсыну
(Ж) Алғашқы 36 элементтің кез келгені үшін атомдардың электрондық конфигурациясы және олардың электронды-графикалық формулаларын жазуды оқушылардан сұрау.
(Т) «Химиялық домино» ойынын қолдануға болады. (Кеспе қағаз дайындалады, кеспе қағаздың бір жартысына элементтің таңбасы, екінші жартысына басқа элементтің электрондық конфигурациясы жазылады). Кеспе қағаздар бірінші кеспе қағаздағы элемент таңбасымен соңғы кеспе қағаздағы элементтің электрондық конфигурациясымен сәйкес келетіндей дайындау қажет. Домино ойынының принципі қолдану......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 437



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі