Радиоактивтілік 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Радиоактивтілік 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Радиоактивтілік 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.5 радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптардың қоланылуын түсіндіру;
10.1.2.6 ядролардың тұрақтылығын анықтау үшін протон-нейтронды қисықты қатынасын қолдану;
10.1.2.7 ядролық реакциялардың теңдеулерін құрастыру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді:
- атомдағы протон саны артқан сайын ядроның тұрақтылығы кемитінін түсінеді;
- альфа-, бета- және гамма- ыдыраулары үшін ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
- радиоактивті сәулеленудің түрлері мен қасиеттерін біледі;
Кейбір оқушылар үйренеді:
- ядорлық реакция теңдеулерін жаза алады.

Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амадасу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.

Бейнебаян қарастырып, терминдерге анықтама жазу.
Радиация –
Радиоактивтілік –
Радиоактивті ыдырау –
Бейнебаяндарды қарау.
Радиация (лат. «сәулелену», «жарық шығару») – кеңістікте энергияны түрлі толқындар мен бөлшектер ретінде тарату.
Радиоактивтілік (лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) –атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.
Радиоактивті ыдырау – радиоактивті бөлшектерді тарату.
*Анықтамалардың айырмашылықтарын қарастыру.
Оқушыларға ақпараттық парақтарды, жұмыс парақтарын және периодтық кестелерді таратыңыз және әр 5-ші элемент үшін (немесе уақытты үнемдеу мақсатында 10-шы) протон-нейтронды қисықты сызуды, сонымен қатар осы қисықта қорғасынды белгілеуді сұраңыз. Қандай элементтер қорғасынға дейін, ал қайсысылары кейін орналасқанын сұраңыз және ыдырауға беталысы бар тұрақты және тұрақсыз элементтер аймағын белгілеуді сұраңыз. Қабілеті бар сыныптар өздері сызған қисықта артық нейтронды және артық протонды
бөліктерін белгілеуі мүмкін. Одан кейін оқушылар атом ядросының құрылымынан тұрақтылық тәуелділігі жайында қорытынды жасау қажет.
Тапсырма 10-15 минутқа есептелген. Жұмыс тікелей сабақ барысында бағаланады. Тақырыпты меңгеру соңында мұғалім әрі қарай оқушылардың жеке даму траекториясын құрастыру үшін қойылған мақсатқа жете алмаған оқушыларды анықтайды.

Бейнебаяндар бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді (Дәптерлермен жұмыс).
Радиоактивті ыдырау (3 бет)
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11299-radioaktivtilik

Бейнебаян бойынша сұрақтар:
Радиоактивті ыдырау түрлері
Радиоактивті ыдырау түрлерінің сипаттамасы
Радиоактивті ыдырау түрлеріне мысалдар

Сабақты бекіту үшін оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмыстарын орындайды.
1) Келесі реакцияларда радиоактивті ыдыраудың қантай типі көрсетілген?
(_88^226)Ra→(_86^222)Rn
(_93^239)Np→(_94^239)Pu
(_62^152)Sm→(_60^148)Nd
(_46^111)Pd→(_47^111)Ag
Бағалау критерийлері Дескриптор
Оқушы
- альфа-, бета- және гамма-ыдыраулары үшін радиоактивті сәулелердің табиғатын дұрыс көрсетеді, 1. ядролық реакциялардың типін анықтады;
2. ядролық ыдырауды атады;
3. сәулелердің өтімділігін көрсетті;
4. α- және β- бөлшектерін атады;
5. радиоактивті реакция теңдеуін жазды.
- альфа-, бета- және гамма-ыдыраулары үшін радиоактивті сәулелердің задрядын табады және ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады;......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Ұқсас мақалалар:

Іздеп көріңіз:
0 + 0 -


Пікір жазу