«Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.3 радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру;
10.1.1.1 құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару
Сабақ мақсаттары: Радиоактивтілік ұғымын және табиғатын біледі
Радиоактивті изотоптармен танысып, олардың қолданылу аясымен танысады
Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығарады.

Оқушылар смайликтер бойынша топқа бөлінеді.
Қайталау:Атом, құрылысы , құрамы туралы постер әзірлеу І топ қорғау, ІІ топ бағалау
Оқушыларға видео көрсетіледі.
Видео негізінде сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушылар ұсынылған сайттан изотоптар туралы оқып, танысады.
Талдау №7,8,9,10 слайдтар бойынша талдау.
Қосымша ақпарат: Жер бетіндегі көптеген атомдар тұрақты және өзгермейді. Бірақта кейбір атомдар мысалы көміртегінің 14- ші радиоактивті изотопы тұрақсыз, ол ыдырап, трансмутацияға ұшырайды және мүлдем басқа жаңа элемент шығады.Бұл процесс бірнеше миллисекунд немесе / мыс: уран/ миллиардтаған жылдарға созылуы мүмкін.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
1.Изотоптарды тұрақсыз қылатын негізгі фактор қандай?
2. Радиоактивті ыдырау дегеніміз не?
Жауабы: Радиоактивті ыдырау бұл тұрақсыз изотоптар тұрақты күйге айнала алатын процесс.
3.Радиоактивті ыдырауға ұшырайтын изотоптарды қалай атайды?
Жауабы: Тұрақты изотоптар.
4.Ыдырау процесінде энергия сіңіріледі немесе бөлінеді?
Жауабы: Ядролық ыдырау кезінде энергия бөлінеді.
5.Радиоизотоптар бөлетін энергиялар қайда қолданылады?
Жауабы: Радиоизотоптар медицинада диагностика және емдеуде қолданады, автомобиль өндірісінде материалдардың сапасы мен қалыңдығын, құрылыста олқылықтар мен калибровка тығыздығын тексеруге қолданылады
Элементар бөлшектер, радиоактивті изотоптардың ыдырау үрдістерімен таныстыру:
α- сәуле – оң заряталған бөлшектер ағыны(гелий атомының ядросы)
β –сәуле – өте шапшаң қозғалатын теріс зарядталған бөлшектер (электрондар)
γ – сәуле –электромагниттік сәулелену
Альфа ыдырау

Бета ыдырау

Жұптық жұмыс: №20,21 слайдтар бойынша радиоактивті ыдыраулар нәтижесінде түзілген жаңа атомдарды не элементтерді анықтау мақсатында тапсырмалар орындау
Топтық жұмыс:№22,23,24 слайдтар бойынша радиоактивті изотоптарды қолдану
Топтық жұмыс: ЖИГСО әдісімен
Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару
І- топ Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу
ІІ- топ Құрамындағы элементтердің массалық қатынастары бойынша қосылыстың формуласын анықтау
ІІІ- топ Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын анықтау......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий