Периодтар мен топтардағы қышқылды-негізді қасиеттердің өзгеру заңдылығы 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Периодтар мен топтардағы қышқылды-негізді қасиеттердің өзгеру заңдылығы 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ тақырыбы: Периодтар мен топтардағы қышқылды-негізді қасиеттердің өзгеру заңдылығы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.4 период және топтар бойынша химиялық элементтердің оксидтері, гидроксидтері және сутекті қосылыстарының қышқылды-негізді қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
- периодтар және топтар бойынша оксидтер, гидроксидтер және сутекті қосылыстар мысалында элементтердің қышқылды-негізді қасиеттерін анықтап сипаттайды;
- ҚТ ережелерін сақтай отырып зертханалықьсынақ орындайды;
Оқушылардың көбісі:
-орындалған сынақ және байқаулар негізінде қорытынды жасайды
Оқушылардың кейбірі:
- білімдерін өздеріне белгісіз химиялық элементтің қышқылды-негізді сипатын және химиялық құрамын болжауға қолдана алады.

Оқушылармен сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі.
Алдыңғы сабақтың негізгі ұғымдарын қайталауды ұйымдастыру.
- период бойынша радиустың өзгеру тенденциясы қандай? Неге?
-топ бойынша радиус қалай өзгереді? Неге?
-радиус өлшемі иондану энергиясына қалай әсер етеді?
- период және топ бойынша металдық қасиеттер қалай өзгереді? Оны немен түсіндіруге болады?
-периодтарда элементтер қасиеттерінің периодты түрде қайталанып отыруыгың себебі не?-
(периодтылықтың негізге себебі – сыртқы энергетикалық деңгей құрылысының өзгеруі; сыртқы энергеткалық деңгейдегі электрондар санын қайталанып отыруы)

Оқушыларға элементтер қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы олардан құралған жай заттар және оксидтер, гидроксидтер және сутекті қосылыстарының қасиетіне әсер ететінін түсіндіру.
Оқушыларға сабақ тақырыбын анықтауды сұрау.
Оқушыларды сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Тапсырма 1.
Оқушыларға 3-период элементтері (жай зат) қасиеттерін сипаттауды сұрау.
Оқушылардың жауабын тыңдап, оларға период бойынша элементтердің қасиеттерінің өзгеруі осы элементтердің қосылыстарының (оксидтері мен гидроксидтері) қасиеттерін болдауға мүмкіндік беретінін түсіндіру.
«3-период элементтерінің сипатын зерттеу» зертханалық сынағын орындауды ұйымдастыру. Жұмыс алдында ҚТ ережелерін еске түсіру.

Қосымша 1.
Бір период шегінде элементтер оксидтерінің қышқылды-негізді сипатының өзгерісі туралы қорытынды жасауға ұсыну.
Оқушылардың жауабын тыңдап, бағалау
Оқушыларға 3-период элементтерінің гидроксидтерінің формуласын жазуды сұрау (гидроксид ұғымы негіздерге де және R-O-H құрылымын ажыратуға болатын қышқылдарға да тиесілі екенін түсіндіру. Қышқылды негізді сипат диссоциация түрімен түсіндіріледі R-O-HR+ + OH- или R-O-HRO- +H+)
Тапсырма 2. 3-период элементтерінің гидроксидтерінің формуласын жазыңдар және олардың сипатын анықтаңдар. 3-период элементтері гидроксидтерінің сипатының өзгеру тенденциясы туралы қорытынды жасаңдар.

Оқушылардың жауабын тыңдап, оқушыларды гидроксид сипатының өзгеру тенденциясын түсінуге бағыттау: күшті негіз  әлсіз негіз  амфотерлі негіз әлсіз қышқылкүшті қышқыл.
Оксидтер мен гидроксидтер сипатының осы тенденциясы әр период үшін тән (1-периодтан басқа)
Тапсырма 3. Оқушыларға 3-период элементтерінің ұшқыш сутекті қосылыстарының(гидридтер) формуласын жазуды: CH4, NH3, H2O, HF жәнеолардың қышқылды-негізді қасиеттерін түсіндіруді ұсыну (- негіздікамфотерлі қышқылдық).
Оқушыларды период бойынша реттік номердің артуымен гидридтердің қышқылдық қасиеті артады деген қорытындыға бағыттау.
Топтық жұмыс ұйымдастыру.

Тапсырма 4.
1. 2 период элементтерінің оксидтерін қарастырып, осы оксидтер сипатының өзгеру тенденциясын анықтаңдар.
2. 2-период элементтерінің гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар, олардың сипатының өзгеру тенденциясын анықтаңдар.
3. 3-период металдарының гидридтерінің формуласын жазыңдар, олардың сипатының өзгеру тенденциясын болжаңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап, кері байланыс беру. Периодтық кесте элемент және оның қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын бейнелейді деген түсінік қалыптастыру: әр период бойынша оксидтер мен гидроксидтер қасиеттері негіздіктен қышқылдыққа өзгереді. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 421



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі