Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары тақырыбы бойынша есептер шығару (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

  Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары тақырыбы бойынша есептер шығару (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары тақырыбы бойынша есептер шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.2 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану
Сабақ мақсаттары: Есептерді графикалық және аналитикалық әдістерді қолданып отырып шығару.

- Оқушылармен амандасу, оқушыларды сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
- Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау тапсырмасын орындау.
Өткен материалды қайталау мақсатында және формулаларды еске түсіру үшін қосымшада көрсетілген тапсырманы орындау. Мұғалімнің еркіне байланысты оқушылардың бір-бірін немесе өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруға болады.
Дескрипторлар:
Оқушы,
- Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі теңдеулерді жазады;
- Теңдеулерден ізделінді шаманы өрнектей алады;
- Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін жазады.

Мұғаліммен бірге есептерді шығару.
1. Графиктермен жұмыс істей отырып, сұрақтартарға жауап беріңдер.
a. Графикте қандай қозғалыс кескінделген?
b. Дененің бастапқы және соңғы координаталары неге тең?
c. Дене қандай жылдамдықпен қозғалады?
d. Олар қандай уақытта кездеседі?
e. Кездесу жерін аналитикалық және графикалық әдіспен анықтаңыз
f. Әр график үшін қозғалыс теңдеуін жазыңдар

график 1 график 2 график 3
ескерту: үш графикті 3 нұсқа ретінде тберугі болады.
2. х осі бойымен қозғалатын материалдық нүкте х = 5 - t + 2t2 заңы бойынша өзгереді. 4 с кейінгі нүктенің қозғалыс жылдамдығын анықтаңыз. V(t) тәуелділік графигін салыңыз.
3. 3. Суретте жазықтықта қозғалатын екі денінің (І және ІІ) координаталарының уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Келесі тұжырымдардың қайсысы І және ІІ дене қозғалысына қатысты дұрыс болып табылады? Жауаптарыңды негіздеңдер.
1) І және ІІ дене қозғалыс басталғаннан 2 с кейін кездеседі.
2) І және ІІ дене координаталар басынан 2 м қашықтықта кездесті.
3) І және ІІ дене кездескен жоқ.
4) Дұрыс жауап беру мүмкін емес.
5) І дененің жылдамдығы тұрақты болып табылады.
Дескрипторлар:
Оқушы,
- Кинематика теңдеулерін есептер шығаруда қолдана алады;
- Графиктерді оқи алады;
- График тұрғыза алады;
- Математикалық есептеулерді жүргізе алады.

Есептерді жеке шығару.
Оқушыларға есептерді карточкалар ретінді ұсынуға болады, қажет болған жағдайда оқушыларға көмек көрсету, үнемі кері байланыс жасап отыру қажет.
Дескрипторлар:
Оқушы,
- Есептер шығаруда алған білімдерін дұрыс қолданады;
- Есептерді дұрыс шығарады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 717



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі