Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі  (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 10.2.1.1 – жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін қолдану арқылы дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік формуласын қорытып шығу.
• 10.2.1.2 – Сандық және графиктік есептерді шешу кезінде кинематикалық теңдеулерді қолдану.
Сабақ мақсаттары: Оқушылармен теңүдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі арқылы кинематика теңдеуін қорыта отырып, есеп шығару кезінде оның қолдануын үйрету.

Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен, амандасу.
Берліген симуляцияны көрсете отырып, талқылау

Сабақ мақсаты мен бағалау критерилерімен таныстырамын.
«Ой қозғау»
Егер мына көрсетілген жылдамдықтың уақытқа тәуеліділігінен ауданын табатыны неге тең болады?

Механикалық қозғалыс деп дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі айтамыз.
Дене козғалғанда оның жылдамдығы тұрақты болуы немесе өзгеріп отыруы мүмкін. Дененің жылдамдығы тұрақты болса, ондай қозғалыс ты бірқалыпты қозғалыс деп атайды. Ал дененің жылдамдығы өзгеріп отырса, ондай қозғалысты айнымалы қозғалыс дейді.
Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыруды уақытқа тәуелділік графигі арқылы орын ауыстыру графигін талқылау

Тең айнымалы қозғалыс кезіндегі графикті талқылай отырып, жылдамдықтың уақыт бойынша өзгеріс графигін талдылай отырып көлдеулік бұрышы немесе тангенсі үдеудің мәніне тең болатындығын қорытып шығамын.

Үдеу дегеніміз жылдамдыңтың өзгеру шапшаңдығы.
a=(ϑ-ϑ_0)/t өлшем бірлігі м/с2
Тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақыт бойынша өзгерісін қарастыра отырып, график арқылы орын ауыстыруды анықтап көрейік

Суреттегі аудандардың қосындысы дененің орын ауыстыруын білеміз. Олай болса трапеция аудан S ⃗=ϑ_0 t+((〖ϑ-ϑ〗_0)t)/2 егер үдеудің a=(ϑ-ϑ_0)/t формуласын ескере отырып 〖ϑ-ϑ〗_0=at болса, онда
S ⃗=ϑ_0 t+〖at〗^2/2
Формуласы шығады. Ал егер координатаға байланысты бұл формуланы жасатын болсақ, бірінші қозғалыс қандай ось бойымен қозғалғандығын анықтай отырып S ⃗=〖x-x〗_0 немесе S ⃗=〖y-y〗_0 екенін ескерсек
x=x_0+ϑ_0x t+〖at〗^2/2 деп жазуға болады.
Схема бойынша кинематика теңдеулері мен графиктерін түсіндіру

Сабақты бекіту
Топтық жұмыс
А деңгейі
1.Автомобильдің жылдамдығы 5 секундта 15 м/с-тан 10 м/с-қа дейін бірқалыпты кемиді. Автомобиль үдеуінің модулі неге тең?
2.Суретте бес дененің жылдамдық модульдерының уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Бірқалыпты кемімелі қозғалысқа қай график сәйкес келеді?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 706



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!