Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

 Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.9 еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану
Сабақ мақсаттары: түзу сызықты бірқалыпты қозғалыстағы дене үшін
Теңайнымалы қозғалыстағы дене үшін
Гравитация өрісіндегі дененің еркін түсуі үшін кинематикалық теңдеулерді жазу
Теңдеулерд қолданып, есептер шығару;

І.Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасына дайындығын тексеру:
Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жаз.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигі қандай болады?
Қисықсызықты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс?
Үдеу дегеніміз не? Формуласы
І. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ: Массасы бірдей, аудандары түрлі денелердің бір биіктіктен құлау кезінде құлау уақыты мен соңғы жылдамдығы тең бола ма?
Сұраққа жауап беру үшін оқушыларға құралдар беріледі де, өз ойларын тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндік беріледі.
Тәжірибе. Қағаздан жасалған конустың белгілі бір биіктіктен құлауын қарастыру. Оның біртіндеп ауданын өзгертіп, массасы тұрақты күйде қалуы тиіс. Ол үшін конусты біртіндеп қия отырып, ал қиындысын қалған бөлігінің ішіне енгізеді.
Денелер қандай жағдайда бір уақытта түсер еді?
Ауасыз бос кеңістікте түсу - еркін түсу
Оқушылар тұжырым жасайды

ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыпты айқындау. Сабақ мақсаттарын талқылау
1. Теңайнымалы қозғалыс туралы теориялық білімдеріне сүйене отырып, дененің еркін түсуі кезінде жылдамдығының өзгеруі заңдылығын анықтау
2. g физикалық мағынасын тану. Еркін түсу үдеуі биіктік өзгеруіне байланысты ма?
Мұғалім тең үдемелі қозғалыстың теңдеулеріне сәйкес еркін түсу кезіндегі қозғалыстың теңдеулерін оқушыларға жазуды ұсынады .
Жауаптарын тексереді және теңайнымалы қозғалыс теңдеулерімен салыстырады.

Проблемалық сұрақ топпен талқылау
Еркін түсу үдеуін тәжірибеде қалай анықтауға болады?
Оқушылар болжам жасайды.

Қалыптастырушы бағалау
І нұсқа
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының аты-жөні__________________________________ Сынып_____________ Күні _________

1. Тас биік құздан 8 с-те құлап түсті. құздың биіктігі неге тең? ( ) (320 м)

2. Тас 85 м биіктіктен еркін құлайды.
а) Қанша уақыттан кейін дене Жерге құлайды? (4,1 с)
ә) Қандай жылдамдықпен Жермен соғысады? (41,2 м/с)...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 508



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі