Векторлардың проекциясы. Есептер шығару (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

 Векторлардың проекциясы. Есептер шығару (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Векторларға қолданылатын амалдар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың проекциясы. Есептер шығару
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: 9.1.1.1 - параллель және параллель емес векторларды қосу мен азайтуды жүргізе білу.
9.1.1.3 – векторларды құраушыларға жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
Параллель (коллинеар) векторларды қосу және азайту тәсілдерін көрсетеді
Параллель емес (коллинеар емес) векторлар үшін үшбұрыштар ережесін қолданады
Параллель емес (коллинеар емес) векторлар үшін паралелограмм ережесін қолданады
Есептер шығару кезінде векторлармен жұмыс жасау дағдыларын қолданады;
Векторларды құраушыларға бөледі.
Векторлардың координаталық осьтерге проекциясын анықтайды.

Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
(W) Жаңа материалды зерттеу.
Қосындысы берілген векторды құрайтын векторлар осы вектордың құраушылары деп аталады.

Екі анықтама бар:
1) вектордың геометриялық проекциясы — вектор;
2) вектордың оське түсіретін проекциясы — сан.
Вектордың геометриялық проекциясы — векторлардың ұштарынан таңдалған оське перпендикуляр түсіргенде пайда болатын вектор. Вектордың басындағы проекция геометриялық проекцияның басымен, ал вектордың соңындағы проекция геометриялық проекцияның соңымен сәйкес келеді.
Вектордың оське түсірілген проекциясы — бұл геометриялық проекция векторының ұзындығына тең скаляр шама (сан), егер геометриялық проекция мен осьтің бағыты сәйкес келсе;
Немесе егер геометриялық проекция мен осьтің бағыты қарама-қарсы болса, геометриялық проекция векторының ұзындығына қарама-қарсы сан.
Проекцияны вектордың бастапқы А(x1, y1) және соңғы B (x2, y2) нүктелерінің координаттары арқылы табу
ax = x2 - x1
ay = y2 - y1
a ⃗ вектордың ұзындығы |a ⃗ | немесе α тең болса — вектор мен х осі сүйір бұрышты құрап, вектордың скаляр проекциясы келесі формуламен есептеледі:
a_x=|a ⃗ |∙cos⁡φ=a∙cos⁡φ.
Пифагор теоремасы бойынша:
а^2=а_x^2+ а_y^2
а=√(а_x^2+ а_y^2 )

– вектордың модулін (ұзындығын) оның проекциялары арқылы анықтау формуласы
(G) Есептер шығару.
Дексрипторлар үлестірме материалдар.
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Мұғалім әр оқушыға шығарылған есептер бойынша кері байланыс береді............


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 699



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі