Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

 Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.12 – эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- меншікті балқу жылуы терминінің физикалық мағынасын түсіну;
- мұздың меншікті балқуын анықтау және абсолют, салыстырмалы қателіктерді есептеу.
- меншікті балқу жылуын анықтаған жұмысқа талдау жасау.

1. Оқушылар жұптасып төмендегі сұрақтарды талқылайды.
Мысалы:
1.Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?
2.Меншікті балқу жылуын қалай есептейді және өлшем бірлігі қандай?
3. Суретте температураның уақыттан тәуелді графигі көрсетілген.

a) 0-1 мин аралығы қай процесті сипаттайды?
b) 1-4 мин аралығы қай процесті сипаттайды?
c) Қандай температурада дене балқи бастады?
d) Дененің балқуына қанша уақыт қажет болды?
Мұғалім сырттай бақылайды, әрбір оқушының жауабына кері байланыс жасайды.
2. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• меншікті балқу жылуы терминінің физикалық мағынасын түсіну;
• мұздың меншікті балқуын анықтау және кестелік мәнімен салыстыру.
• меншікті балқу жылуын анықтаған жұмысқа талдау жасау.
= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес
Физика сабағында ыстық сулармен және шыны ыдыстармен жұмыс жасау кезінде міндетті түрде орындалуға қажетті «Техника қауіпсіздігінің ережелерін» еске түсіру.
3. Зертханалық жұмыс
«Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау»

Бағалау критерийлері:
1.Құралдардың көрсткішін дұрыс жазады.
2.Өлшеу нәтижесін арнайы орындарға толтырады.
3. Белгісіз шаманың мәнін дұрыс анықтайды.
4. Мұздың меншікті балқу жылуының салыстырмалы және абсолют қателіктерін анықтайды.
5. Жұмысқа талдау жасайды............


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 628



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі