Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.7 азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
Сабақтың мақсаты: азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау.

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға «С дәрумені» тақырыбына ассоциациялар құру тапсырылады. Жағымды сөздерді таңдау сұралады. Оқушылардан жауаптарын негіздеу сұралады. Бұл тапсырма барысында зертханалық жұмыстың мақсатына қатысты тұжырымдарға назар аудартып, С дәруменіне бай өнімдерді қолдану дұрыс екен деген сияқты қорытындылар арқылы жаңа тақырыпқа ауысу қажет.
Бағалау критерийлері талданады.

Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулықтар береді.

Ол үшін зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу сұралады.
Осы құрал-жабдықтардың қайсысы қандай қатер көзі бола алады деп, қауіпсіздікті талдау қажет. Мысалы, оқушылар йод ерітіндісін атап, ол көзді тітіркендіруі мүмкін десе, оны төгіп алса киімді бүлдіреді дегенді, сынауықты атаса оның қауіптілігі орташа, сындырып алған жағдайда сынықтарын қолмен ұстамау қажет.

Жұмыс барысын мұқият оқып шығу тапсырылады.

Зертханалық жұмысты орындау үшін әр түрлі азық-түлік үлгілерін йодомет рия әдісімен тестілеу жүргізіледі. Оқушылар үлгілерден езінді дайындап оған йодты тамыза отырып, тамшының санына қарай С дәруменінің мөлшерін анықтап, кестеге толтырады. Осы кестедегі деректерге сай гистограмма құрып, әр түрлі үлгілердегі С дәруменінің мөлшерін салыстырады.
• Саралау үшін кейбір оқушыларға өз нәтижелерін сыныптастарының нәтижелерімен салыстырып, талдау жасау, басқа шырындарды тестілеу ұсынылады......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий