Көмірсулар және липидтер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Көмірсулар және липидтер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар және липидтер 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.2 көмірсулар, липидтердің қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: көмірсулар мен липидтердің өкілдерін ажыртау;
көмірсулар мен липидтердің қасиеттерін сипаттау;
көмірсулар, липидтердің қызметінің маңызын түсіндіру.

Миға шабуыл бейнебаян көрсетіледі, ортасында тоқтатылады. Неліктен гель тамызғанда бояулар жан-жаққа тарады? Оқушылардың жауабы тыңдалады, осыдан біз майдың қандай қасиетін көреміз? деген сұрақ арқылы сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты ашылады. Жауап берген оқушылар бас бармақ арқылы бағаланады.
Проблемалық сұрақ қоюда бейнебаянды қолдануға болады:

Сонымен бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз не туралы болуы мүмкін деп сұрай отырып, сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

Мұғалім липид түрлері: липидтер, балауыз, фосфолипидтер туралы оқушыларға таныстырады.
Сынып оқушылары топтарға бөлінеді.
Бір топ көмірсулардың қасиеттерін, екінші топ көмірсулардың қызметтерін, үшінші топ липидтердің қасиеттерін, төртінші топ липидтердің қызметтерін, бесінші топ липид түрлері жайлы ақпаратпен танысып оқиды.
Оқушыларға постер жасау тапсырмасы беріледі, Не білесің? тәсілі арқылы оқушылар оқыған материалдан алған білімдерін ортаға түсіреді.

Сыныпта постер қорғалады.
Постер қорғау критерийлері:
1. Көмірсу немесе липидтің қасиетін атау кем дегенде 3 ден кем емес
2. Көмірсу мен майдың биологиялық қызметін атау кем дегенде 3 ден кем емес
3. Қасиеті мен қызметін байланыстыру
4. Уақытты тиімді пайдалану. Уақыт 2 минут
5. Топтағы барлық оқушылардың қамтылуы......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0