Жұқпалы аурулар 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Жұқпалы аурулар 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Жұқпалы аурулар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.3.1 қарапайым, саңырауқұлақ, бактериялар мен вирустардан туындайтын аурулардың ерекшеліктері, алдын алу шараларын сипаттау
Сабақтың мақсаты: «жұқпалы аурулар» түсінігін білу;
жұқпалы ауруларды тудыратын қоздырғыштарды ажырату;.
вирус, саңырауқұлақ, бактерия, қарапайымдардың әсерінен туындаған аурулардың белгілерін сипаттау;
жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын ұсыну.

Тақырыпытың өзектілігін ашу үшін оқушыларға «Адам неге ауырады?» сұрағы қойылады. Оқушылар алдында өткен асқорыту жүйелерінің аурулары мен авитаминоздар туралы біледі. Олардан басқа жұқпалы аурулардың болатынына тоқталу маңызды. Оқушылар микробтардың кесірінен адам аурады деген жауапты айтқан кезде олар қалайша адамды ауыруға шалдықтырады?, неліктен адам микробтардан болып аурады? сұрақтары қойылады. Оқушылар 7-ші сыныпта вирустардың тіршілік циклін өткен кезде вирустың токсин бөліп жасушаны уландыратынын еске түсіреді. Сонымен патогендер ағзаға түскеннен соң онда көбейеді. Олардың тіршілік әрекеті барысында бөлінген заттар жасушаларды уландырады. Бұл аурудың туындауының басты себебі деген қорытындыға келеді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы екен деп сұрай отырып, тақырыпты анықтағаннан соң бұл аурулар туралы нені білу қажет сұрағы талқыланады. Бұл сұрақ арқылы оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушыларға топтарда жұмыстай отырып, ауруларды ұсынылған ресурстардың көмегімен зерттеу тапсырмасы беріледі.
Оқушыларға мүмкін болған жағдайда нуотбуктер беріліп, интернет көзінен қосымша ақпарат іздеу, ұсынылған видеоматериалдармен танысу мүмкндіктері беріледі.
Топтарда зерттеп, қажетті ақпаратты жинақтағаннан соң оқушылардан өз түсінгендерін көрсету үшін бір тапсырма түрін таңдап алу сұралады.(Егерде сыныпта бірнеше оқушы тапсырманың бірдей түрін таңдаса оларға бірігіп, топта жұмыстауға болады)
Тапсырма түрлері:
o постер жасау;
o комикс кітапшасын жасау;
o ертегі жазу;
o брошюра әзірлеу;
o өлең шығару;
o эссе жазу;

Оқушылар осы жұмыс түрлерін таңдап алғаннан соң тапсырмаға қойылатын критерийлер таныстырылады.

Әр тапсырмада жұқпалы аурулардың түрлері, қоздырғыштары, жұғу жолдары, белгілері мен алдын алу жолдары туралы толық ақпарат болуы тиіс. Дескрипторлар:
Аурудың қоздырғышын атайды
Аурудың белгілерін сипаттайды
Аурудың алдын алу шараларын ұсынады
Қорытынды жасайды.....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий