Асқорыту жүйесі. Тістер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Асқорыту жүйесі. Тістер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Тістер 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.2 Тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау.
8.1.2.3 Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау
Сабақтың мақсаты: Тістің құрылысы, типтері мен қызметтері арасындағы байланысты ажырату;
Тісті күту ережелерін ұсыну;
Асқорыту мүшелері құрылысының қызметімен байланысын түсіндіру.

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін «Неліктен асты қорыту қажет?» сұрағы қойылады. Оқушылардың жауаптарын астың құрамындағы органикалық заттардың қан арқылы дене жасушаларына өтуі үшін қоректік заттарды қарапайым түрге дейін ыдырату маңызды деген қорытындыға қарай бағыттаған жөн. Ас қорытылмаса оның жасушаға сіңірілуі мүмкін болмай қалады. Жасуша өзіне қажетті затты ала алмаса ағзаға тамақтану туралы сигнал беріледі де адамның қарны аша береді. Астың жасушаға өтетін түрге айналуы үшін асқорыту мүшелері қажет деген қорытынды шығарылуы тиіс. Сонымен бүгінгі сабақ не туралы екен деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Бұл мүшелер туралы нені білу қажет деп ойлайсыздар деген сұрақты талқылай отырып сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтауға болады. Бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар 4 оқушыдан бірігіп топтарда жұмыс жасайды.
Оқушылар аялдамаларды аралай отырып білім жинақтайды. Мүмкін болған жағдайда ұсынылған видеоматериалдарды ноутбуктерге алдын ала жүктеп ашып дайындап қойып оқушыларға танысуды ұсынуға болады. Кейбір оқушылар интернет көздерінен қосымша ақпараттар тауып толықтыра алады.
1-аялдама:
Оқушыларға тістің түрлерін ажырату үшін адамның жақ сүйегінің моделі ұсынылады. Оқушылардан тістің түрлері мен қызметін және құрылысындағы айырмашылығын анықтау сұралады. Оқушыларға тістерді салыстыру үшін критерийлер ұсынылады:

- Тістің пішіні қандай?
- Қанша түбірлі?
- Әр түрдегі тістердің саны қанша?
- Қандай қызмет атқаруы мүмкін?
Оқушылар салыстыру нәтижелерін жазып алады.
Саралау үшін кейбір көмек қажет ететін топтарға тіс құрылысы мен қызметі туралы қосымша материалдар ұсынылады.
2-аялдама:
Тістің құрылысы көрсетілген суретте немесе тіс моделінде тістің құрылысымен танысады. Осы жұмыс барысында оқушылар тістің құрылысын сызбаға салып алады.

3-аялдама:

Тіске зиянды әсер ететін факторларды атау сұралады. Оқушылар топта талдайды. Талдаудан кейін тістің күтімі туралы видеоматериалдың көмегімен жауаптарын толықтыру сұралады. Оқушылар өздерінің қорытындыларымен бөліседі.

4-аялдама:
Асқорыту жүйесінің құрылысын талдайды.
Оқушыларға адамның асқорыту жүйесінің суретін таратылады. Асқорыту жүйесінің мүшелерін дұрыс ретімен орналастыру сұралады.
Оқушылар жұмыс нәтижелерін салыстырып өзара бағалағаннан соң тақтада дұрыс нұсқасы көрсетіледі......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий