Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттер. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

 Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттер. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Сабақтың тақырыбы: Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.4 белгілі бір ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді құрастыру.
Сабақ мақсаттары: ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді меңгеру.

- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру. Оқушылардың көңіл-күйін саусақтары арқылы анықтау.

Әр түрлі формадағы стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлу. (Топқа бөлуде әр сыныптың ерекшелігіне байланысты мұғалім өзі де отырғыза алады)

Презентация 1-де берілген ребусты шешу арқылы тақырыпты, сабақтың мақсатын анықтау.

1. /Т/ Дихотомиялық кілт туралы мұғалімнің оқушыларға түсінік беруі. Үш тілде терминдермен жұмыс жасалады.

2. Дихотомиялық кілтті түсіндіруде мысал келтіру.

3. Жануарлар дүниесінде омыртқасыздар мен омыртқалыларды айқындайтын дихотомиялық кілт мысалы көрсетіледі. Қосымша 1.

4. /Тж/ Дихотомиялық кілтті пайдалануға байланысты тапсырмалар.
Оқушылардың алдына сулы препараттар, құрбақа мен көлбақасының суреттері таратылады. Осы екі түрдің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді оқушылар постер құрып қорғайды. «Галереяны шарлау» стратегиясы қолданылады. Әр топтағы оқушылар өз постерлерін сыныптың әр түрлі аймағына орналастырып, кезекпен басқа топтардың жұмыстарын аралап талдай алады.

5. /Жж/ Оқушылар жұпта омыртқалы және омыртқасыз жануарларды жүйелік топқа бөлу үшін дихотомиялық кілт құрастырады.
Ұсынылатын жануарлар: тоспаұлу, қоңыр аю.

6. /Ж/ Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Қосымша 2. ........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 + 0 -

Добавить комментарий