Файлдарды архивтеу (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

 Файлдарды архивтеу (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратты ұсыну және өлшеу және компьютерлік жады
Сабақ тақырыбы: Файлдарды архивтеу
Оқу мақсаты: 7.1.2.2 Әр түрлі форматтағы мұрағаттарды құру және ашу
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Файлдарды архивтеу және архивтен алу.

Қызығушылықты ояту
Топтық жұмыс (белсенділік кезең)
Сабаққа кіріспе жасау үшін оқушыларға келесі ойынды ұйымдастырыңыз:
Әрбір топ бір-біріне хат жазып, оларды хатқалташасына салып, жіберу тиіс. Хатқа кез келген сурет салып жеруге болады.
Алдын ала өзіңіз әрбір топқа бірнеше әртүрлі суреттер, мәліметтерді хатқалташаларға салып таратыңыз (көлемін өзгертпеңіз).
Ойынның мақсаты:
Екі файлдың көлемін кішірейтіп, архивтеу.
Кез келген файлдарды архивтен алу.
Оқушылардан сабақ тақырыбы мен мақсаттарын сұраңыз.
Қысқаша теориялық материалды ұсыныңыз.
Ғаламтормен жұмыс істеуге мүмкіндік болса, видео көрсетіңіз.
Бұл тапсырма сабаққа кіріспе ретінде ұйымдасқан. Тапсырманы орындау барысында оқушылар ойлау қабілеттерін дамытады және білім және түсіну қабілеттерін дамытады.
Файлдарды архивтеп, архивтен алады. Теориялық материалды дәптерге жазады.
Компьютерде өзіндік жұмыс:
1 тапсырма:
Алдынғы сабақтарда құрған файлдарды (графикалық, мәтіндік, дыбыстық және бейнелік) «Жарнама» атты архивке салып, пошта арқылы бірнеше достарыңызға жіберіңіздер.
Дескрипторлар:
1. Файлдар дұрыс топталды;
2. Файлдар дұрыс архивтелді;
3. Архив пошта арқылы бірнеше достарға дұрыс жіберілді.
Бағалау кезеңі:
Тасымалдау үздік өткені туралы кері мәлімет алу.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылардың өолдану қабілеті дамийды. Жұмыс барысында компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олар архивтің қызметтерін нақты көре алады.
Компьютерде жұмыс істейді, архивтеу алгоритмін дәптерге жазады.
Компьютерде өзіндік жұмыс:
2 тапсырма:
Берілген тапсырманы әртүрлі архиваторлар арқылы орындаңыздар және оларды салыстырыңыздар (WinRar, WinZip)
Дескрипторлар:
1. Файлдар дұрыс топталды;
2. Екі түрлі архивтер дұрыс құрылды;
3. Салыстыру кезеңінде қорытынды жасалды;
4. Талдау кезінде бір қорытынды шығарылды.
Бағалау кезеңі:
Құрылған архивтен файлдарды шығару (өзін өзі бағалау)
Осы тапсырманы орындаған кезде оқушылар талдау қабілеттерін арттырады және топта жұмыс істеу барысында бір-бірін құрметтеуді үйренеді.
Компьютерде жұмыс істейді, архивтеу алгоритмін дәптерге жазады.
Компьютерде өзіндік жұмыс:
3 тапсырма: Алдынғы тапсырманы пароль орнатып орындаңыздар;
Дескрипторлар:
1. Архив терезесі дұрыс ашылды;
2. Қажетті қойындысы дұрыс таңдалды;
3. Пароль дұрыс орнатылды;
4. Архивті қолдану кезінде пароль талап етіледі.
Бағалау кезеңі:
Құрылған архивтен файлдарды шығару (өзін өзі бағалау)
Осы тапсырмада кез келген құжатты көшіруден және ұрлықтан сақтау қажеттілігін еске алады және қолдану қабілеттерін дамытады, себебі олар нақты бір архивке пароль қоюды үйренеді..........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий