Компьютердің қызметі 1-сабақ (Информатика, 6 сынып, I тоқсан)

 Компьютердің қызметі 1-сабақ (Информатика, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Компьютерлік жүйелер мен желілер»
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қызметі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.2.1- операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту
Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйенің (ОЖ) негізгі қызметтерімен танысу.

Оқушылармен амандасу Қызығушылығын ояту

Мұғалім суреттерді көрсету арқылы оқушылармен бірге тақырыпты анықтайды

Топтарға бөлу үшін мұғалім суреттерді таратады. Оқушылар топтарға бөлінеді, топтарға бөлінудің критерийлерін түсіндіреді.

Топтық жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы талқылайды және жауап нұсқаларын ұсынады.
Топқа бөлінгеннен кейін оқушылар бірге өздерінің бірігуін талқылайды.
Тапсырмаға 1,5 минут бөлінеді.

Талқылаудан кейін жауаптарын слайдта көрсетілген классификациямен салыстырады.
Мұғалімнің сұрағы:
Компьютердегі ең негізгі бағдарламаны атаңыздар.
Оқушылар топта сұрақты талқылап, өз жауаптарын айтады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын өздеріне анықтауды ұсынады. Оқушылар сабақ тақырыбын өздігінен анықтап айтады.
Сабақтың мақсатын анықтағаннан кейін оқушылар 2 тілде тезауруспен танысады.

Мұғалім әр топқа сұрақтар ұсыну арқылы тақырыпты талқылайды:
1) Операциялық жүйе дегеніміз не?
2) Операциялық жүйенің қызметтері қандай?

Оқушылар сұрақтарды алдымен топта талқылайды, кейін топтар жауаптарымен өзара бөліседі.
Оқушылар топта берілген сұрақтарды талқылайды және жауап береді.
Мұғалім әр топқа аудитория алдында сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді.
Басқа топтар жауаптарын бағалайды.
Өзара бағалау ұйымдастырылады.

Алдыңғы өткен тақырыпты пысықтау үшін келесі тапсырманы жеке орындауды ұсынады.

Тапсырманы бірінші орындаған оқушыға интерактивті тақта көмегімен алдын-ала флип-чартта дайындалған анықтаманы жинау ұсынылады.
Кейін тақтадан дұрыс жауабын көрсету арқылы әр оқушы өз жауаптарын салыстырады. Нәтижелерін өздігінен бағалайды. Өзін-өзі бағалау жүреді.

Әрі қарай оқушыларға жеке тапсырма ойын түрінде ұсынылады. «Дұрыс, бұрыс» тұжырымдарды белгілейді.


Тапсырманы орындау үшін оқушыларға келесі ресурсты көру ұсынылады:

Оқушылар дұрыс тұжырымдарды белгілейді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін бір-бірімен дәптерлерін алмастырып, өзара тексереді.
Оқушыларға дұрыс жауаптары көрсетіледі..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 557



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!