Компьютердің құрылғылары 2-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

 Компьютердің құрылғылары 2-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және программалар
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылғылары 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау
• енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
Сабақтың мақсаттары: • оқушыларды компьютерлік кластағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру
• компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру
• енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.

1. Ұйымдастыру кезені
Оқушылармен амандасып олардын сабаққа дайындығын көзбен шолу.

2. Мақсатты тұжырымдау

Биылғы жылы сіз Ақпараттық коммуникативті технологияны үйренуге кірісесіз. Бұл сабақтар ерекше және қызықты болады.
Сіз бұл сабақта нені меңгеремін деп ойлайсыз?

3. Білімді жүйелеу
Көріп отырғанымыздай, біз ерекше класқа келдік - компьютерлік класқа. Кімнің үйінде компьютер бар? Компьютерді қалай қолдануға болатынын білесіз бе?

- Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? (оқушылар өз жауаптарын береді, содан соң тақтадан сабақтың тақырыбын оқиды).
- Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз. Әдемі отырамыз, арқаларымызды тік ұстаймыз.

4. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

- Компьютерлік кабинет қымбат тұратын жабдықтармен қамтылған. Қазір сіз компьютерлік кластың қауіпсіздік ережесімен танысасыз.

Оқушылар бейнежазба көреді.
«ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ»

Оқушылардың бейнежазбаны қаншалықты мұқият қарап тындағанын тексерініз. Ол үшін осы Интербелсенді сабақта берілген жаттығуларды орындап шығыңыз.

Сергіту сәті
Балалардың көздері шаршады. (Көздерін жыпылықтатады)
Бәрініз де терезеге қараңыз, (Солға-оңға қарайды)
Күн тым жоғары сияқты. (Жоғарыға қарайды)
Біз қазір көзді жабамыз (Көзді алақандарымен жабады)
Кемпірқосақты саламыз,
Кемпірқосақ үстінде жүреміз (жоғары-оң жаққа және сол жаққа қарайды).
Онға, солға бұрыламыз
Содан кейін төменге түсеміз (төменге қарайды)
Қатты көзді қысамыз да, ұстаймыз (көздерін қатты қысады)

Оқушымен сұхбат
- Бейне жазбаны компьютердің қандай құрылғысы арқылы көрдік?
- Дыбысын қандай құрылғысы арқылы тындадық?
- Сіздер компьютердің тағы қандай құрылғыларын білесіз дер?

Топтық жұмыс
Оқушыларға бірнеше компьютердін құрылғылары бар суреттер беріп соларды талқылай отырып екіге бөлуін ұсыныңыз, ақпаратты компьютерге енгізетін кұралдар және ақпаратты компьютерден шығаратын құралдар (керек емес құрылғыларды алып тастау қажет)........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 828



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!