Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

 Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• экологиялық мәселелердің себептерін анықтау;
• экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талдау.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар экологиялық мәселелерді шешу жоспарын құрастыру үшін, бір экологиялық мәселе көрсетілген сурет қиықтарын жинау арқылы топтарға бірігеді. 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу және 6.6.3.1 өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.
Дескрипторлар
Оқушы
Экологиялық мәселе себебін анықтайды.
2. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
3. Топтық жұмыс. Постер әзірлеу.
Әр топ топқа бөліну барысында алған суретте көрсетілген мәселелердің себептері мен салдарын анықтау үшін постер әзірлейді.
Постерда төмендегі сұрақтар қарастырылады:
Бұл мәселені кімдер шеше алады?
Бұл жоба нәтижелі болу үшін не қажет?
Мәселені шешуде қандай тежеуші факторлар болуы мүмкін?
Жоба сәтті болып шешілуіне қажетті барлық қандай жағдайлар?
Қандай мәселелер жоба барысында пайда болуы мүмкін?
«Кезбе тілші» әдісі бойынша әр топтан бір оқушыдан басқа топқа барып, олардың постері бойынша сұхбат алып, жауаптарын жазып алады. Алған мәліметтерін өз топтарында талқыға салады.
Дескрипторлар
Оқушы
- Экологиялық мәселені шешетін адамдарды атайды;
- Нәтижелі шешімі болуы үшін, не қажет екенін анықтайды;
-Мәселені шешуді тежейтін факторларды көрсетеді;
- Мәселені шешілудің жолдарын ұсынады;
-Экологиялық мәселені шешу барысында пайда болуы мүмкін мәселелерді көрсетеді.

Мұғалім кері байланыс береді.
4. Сабақты бекіту «Үш қадамды сұхбат» әдісі Әр топта топ мүшелері үш жұпта жұмыс жасайды.
1-ші жұп тақырып бойынша сұрақ қояды;
2-ші жұп жауап береді;
3-ші топ – толықтырады
Келесі кезекте әр жұп рөлдерімен ауысып, әрі қарай жалғастырады.
Дескрипторлар
Экологиялық мәселе себебін көрсетеді.
Экологиялық мәселені шешудің жолдарын ұсынады.........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий