Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 4-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

 Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 4-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу
Сабақ мақсаттары: • экожүйелердің ерекшеліктерін сипаттау;
• мектеп маңы экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу;
• мектеп маңы экожүйелеріндегі ағза түрлерінің сандық мөлшері және кездесу жиілігінің әртүрлі болу себептерін түсіндіру.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар өткен сабақтаңы кері байланыс «Табыс баспалдағы».
1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН.
2 - баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕДІМ.
3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Мен ТҮСІНБЕДІМ» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.
Әр экожүйедегі ерекшеліктердің себебін анықтайды, 5 - сыныптағы оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.
Мектеп үлескесі экожүйе бола ала ма? сұрағын талқылайды.

Дескрипторлар
Оқушы
Мектеп үлескесінің экожүйе екендігіне дәлелдер келтіреді.
Мектеп үлескесі экожүйесінің ерекшеліктерін сипаттайды.
3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Мұғалім түсіндірмесі.
Мектеп үлескісі шағын экожүйені құрайды. Мектеп үлескісін жасанды ( адам жасалған) экожүйе ретінде қарастыруға болады. Осындай экожүйе табиғи экожүйеден құрылымы мен ағзалардың түрлік құрамы жағынан ерекшеленеді. Мектеп үлескісінің түрлік құрамы неғұрлым алуан түрлі болса, осы экожүйе соғұрлым тұрақты болады. Мектеп үлескісіндегі әрбір өсімдікті санау мүмкін емес. Сондықтан бақылау үшін үлгі алу керек. Оны шаршы (квадрат) әдісі арқылы жасауға болады. Шаршы бұл – үлескі бетіне тікелей қоятын жиектеме. Бұл әдіс таңдап алған өсімдік түрін санау және түрлік құрамды анықтау үшін қолданылады. Зерттелетін екі үлескіде де кездесетін өсімдік түрлерін таңда. Олардың әрқайсысының таралу аймақтарын анықта.

5. Топтық жұмыс. Оқушылар 5 топқа бөлініп, мектеп(учаскесі) үлескесіндегі экожүйені зерттейді:
1- топ: көлеңке жер
2- топ: ашық алаң
3- топ: ағаш көлеңкесі
4- топ: жол бойы
5- топ: спорт алаңы маңы
Әр топқа жеке үлескелердегі тірі ағзалардың түрлерін анықтап, санын табады. Мәліметтерді кестеге жазып, әр үлеске мәліметтерін салыстырады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 372



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!