Күн жүйесінің кіші денелері (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Күн жүйесінің кіші денелері  (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесінің кіші денелері
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: 4.4.2.2 – Күн жүйесінің кіші денелерін сипаттау
Сабақ мақсаты: Күн жүйесінің кіші денелерін сипаттайды.

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Табиғаты сыры көп екен,
Зерттеуді ол қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Ғылымға кіріспе сабағы.

Өткен тақырыпты қайталау. Оқушылар қоржындағы сұрақтарды алып жауап береді.

1.Астероид сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
( жұлдыз сияқтылар)
2.Астероидтарды — газ-тозаңды бұлттардың эволюциясы барысында пайда болған Күн жүйесіндегі қандай дене, қандай планеталар деп атайды? (кіші денелер, кіші планеталар)
3.Астероидтар планеталардың серіктері бола алады ма? (жоқ)
4.Астероидтар нені айнала қозғалады? ( Күнді айнала өз еркінше қозғалады)
5.Бірінші астероидты 1801 жылы 1 қаңтарда Италия астрономы кім ашты? (Джузеппе Пиации ашты.)
6.Қазіргі уақытта Күн жүйесінен неше мыңдаған астероид анықталып отыр? (100 мыңдаған)
7.Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін қай адамдардың есімі берілді? (ұлы адамдардың есімі берілді.)
8. Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың неше тобы бар? (екі тобы бар)
9.Комета сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны береді? (ұйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты)
10. Ненің Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады? (кометаның)
11.Ненің басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі? (құйрықты жұлдыздың, кометаның)
12.Көзбен көруге болатын кометаларды қандай кометалар дейді? («үлкен кометалар» деп атайды)
13.Галлей 1531,1607 және 1682 жылғы кометалардың бар екендігін және ол 1759 жылы қайта оралатынын дәлелдегеннен кейін ол комета қалай аталды? (Галлей кометасы деп аталады)

(Ұ)Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау
- Метероид туралы не білеміз?
(МК) Оқушылармен бірге метероидтар туралы дамытушы бейне роликті көру. Олар нені білгенін, ал фильмнен кейін тағы не үйренгенін тексеру.
Жаңа сабақ
Жұптық жұмыс. Метероид туралы ақпарат тарату. Оқушылар ақпаратпен танысып, жұпта кестені толтырады.
Метероид- планета аралық кеңістікте қозғалатын қатты дене, грек тілінен аударғанда meteoros -«Жоғарғы ауады», eidos - «Пішін» деген мағынаны береді.
Метеоридтар - әдетте, темір мен никельден тұратын шаң мен тастақтар бөліктері. Олар метеорлардың, астероид бөлшектерінің соқтығыстарынан, асқын жаңа жұлдыз жарылыстарының түзілуі немесе планеталардың құрылуы барысындағы қалдықтар болуы мүмкін. Кейбір метеориттер кометалардың тастақты ядроларынан да түзіле береді.
Метеориттер темір, тас-темір және тас метеорит болып негізгі үш түрге бөлінеді. Олардың ерекше белгілері: қырлары мүжілген, сыртында жұқа қабығы және өзіне тән шұңқырлары болады. Сындырып қарағанда метеориттің ішкі жағы күлгін қоңыр түстес келеді, қара немесе ақ түстер сирек кездеседі. Метеориттің мөлшері бірнеше милиметрден бірнеше метрге дейін, ал салмағы граммның бірнеше үлесінен ондаған тоннаға дейін жетеді.
Метеорит жерге түскенде жарқыл пайда болып, қатты сартылдаған дыбыс естіліп, механикалық құбылыстар байқалады. Метеоритте көп кездесетін элементтер: алюминий, темір, кальций, оттек, кремний, магний, никель, күкірт. Сонымен қатар метеоритте бірқатар белгісіз немесе жер бетінде өте сирек кездесетін минералдар бар.........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий