Жарық сәулесі жұтыла ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Жарық сәулесі жұтыла ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Жарық сәулесі жұтыла ма?
Оқу мақсаты: жарықтың жұтылуы туралы білесің;
жарықтың жұтылуының маңызын түсінесің.
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: Ақ жарықтың құрамын біледі
Оқушылардың көбі: Түстерді қалай көретінімізді түсіндіре алады.
Оқушылардың кейбірі: Ақ және қара түстер қалай пайда болатынын біледі.

Бөлімге кіріспе.
Оқушыларға тақтадағы су ішіп тұрған бала, гүлге су құйып жатқан қыз және төгілген су мен губканың арасында қандай байланыс бар? Немесе бұларды біріктіретін қандай құбылыс деген сұрақ қою арқылы «Жұтылу» сөзінің мағынасына шығу.
«Жарықтың жұтылуы» сөзінің мағынасын қалай ұғасың деген сұрақ қою. Егер оған мысал келтіре алмаса «Күн сәулесі Жер бетіне келіп жеткеннен кейін топырақ қызады. Неліктен» деп жетелеу сұрағын қоямын. (Жарық сәулесінің жұтылу мысалы Күн сәулесі кез келген түскен дене бетін қыздыруын айтуға болады. Дене қызады себебі ол келіп түскен сәуле денеге келіп жұтылады) Бұл жарық сәулесінің жұтылуының бір мысалы болып табылады.
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы: «Жарық сәулесі жұтыла ма?»
Сабақтың мақсаттары: Жарық сәулесінің жұтылуын мысалдар арқылы түсіну;
Ақ түсті жарық қалай пайда болатынын білу;
Дене түстерін қалай көретіндігімізді түсіну;
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Кіріспе тапсырма. «Жедел жауап»
1) «Сынып бөлмесіндегі түстерді атап шығыңдар». Деген тапсырма беру арқылы көріп тұрған түстерін кезекпе-кезек атату.
2) «Сынып бөлмесіндегі жарықтың түсі қандай?» (барлығы «ақ» деп жауап береді)
3) Суретте не бейнеленген?
Кемпірқосақтың түстерін ата
Кемпірқосақ қайдан пайда болады деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың білетіндерін анықтаймын.
(Кемпірқосақ негізі жарықтың тағы бір қасиеті сыну заңы арқылы пайда болады. Егер оқушылар оны өз беттерімен айтса, жақсы оны кейінгі сыныптарда оқисыңдар біз қазыр басқа құбылысты сипаттаймыз деймін)
4) кемпірқосақ пен призма арқылы ақ жарықтың өтіп, 7 түске жіктелген суретін тақтаға шығарып
Суретті салыстыр
Екі суретке де не ортақ екендігін анықта
- деген тапсырмалар беремін.
(суреттерде 7 түс бірдей ретпен орналасқандығын сипаттайды. Призмаға ақ жарық келіп түскеннен кейін, ол призмадан өтіп 7 түске жіктеледі. Дәл сол сияқты жаңбыр тамшысына келіп түскен ақ жарық та, жаңбыр тамшысынан өтіп 7 түске жіктеледі.)
Кері байланыс «Оқулықпен жұмыс»
Тақырыпты өздерімен талдағаннан кейін теориялық мәліметті алу үшін оқулықтың 8 бетіндегі қысқаша мәтінді оқып шығады.
Түстерді қалай көреміз?
Оқулықта берілген суретті тақтаға шығарып «Түстерді біз қалай көреміз? Суретке сүйене отырып түсіндіріп көр» деген тапсырма беремін
(суретке қарай отырып, келіп түскен ақ жарық 7 түстен тұратынын білеміз, ол түс денеге түскен соң дененің өз түсін шағылдырады да қалғандарының барлығын жұтады.)
Оқушылар 7 түстің ішінде жоқ түстерді қалай көреміз деуі мүмкін. Ол түсте осы 7 түстің екі немесе бірнеш түстері бірігіп шығаратындығын айтамын.
Зерттеу жұмысы «Ақ түсті қалай алуға болады?
Зерттеу жұмысын жасау үшін оқушылар шағын топтарға бөлінеді немесе жұбымен бірігіп жасауына болады.
Зерттеу тақырыбына сай етіп сұрақтар әзірлеңдер. Ол үшін «Нені анықтауым қажет?» және «Мен нені зерттеймін?» деген мәселе туралы ойланып, зерттеу сұрағын құрастыру. Мысалы:
- Ақ түсті берілген құралдар арқылы қалай аламын?
(Зерттеу жұмысын жүргізу үшін алдын ала картон қағаздан дөңгелек қиып, дәл ортасынан қалам немесе қарындаш еркін қозғалатындай етіп саңылау жасалады.) ........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 300



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі