Дыбысты бәсеңдетуге бола ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Дыбысты бәсеңдетуге бола ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?
Оқу мақсаты: белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Жарық пен дыбыстың қасиетін айта алады;
Көрген видеоматериалын пайдалана отырып, дыбыс қасиеттерін сипаттай алады;
Оқушылардың көбі:
Дыбыстың жарық тәрізді жұтылатынын сипаттап айта алады;
Аудиожазбада жазылған дыбыс пен өзіне естілетін өз дыбысының арасында айырмашылық болатынын біледі және неліктен деген сұраққа жауап бере алады;
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;

Бөлімге кіріспе.
Жарық және дыбыстың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Жарық Дыбыс
Түзу бойымен таралады Шағылады, шағылуын жаңғырық деп атаймыз
Шағылады дыбыс толқындары барлық бағытта таралады
Жұтылады Үш агрегаттық күйде де дыбыс толқындары тарала алады

Тағы басқа да жауаптар беруі мүмкін.
Сонымен жарықтың шағылу және жұтылу қасиеті бар екендігін білдік. Онда дыбыстың шағылу қасиеті болса, дыбыстың жұтылу қасиеті болуы мүмкін бе?
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?
Сабақ мақсаттары:
Дыбыстың қасиеттерінің бірі жұтылуды білу;
Оның пайдасы мен зиянын білу;
Зерттеу жұмысын жүргізу арқылы дыбысты қалай бәсеңдетуге болатыныны анықтау;
Салыстыр.
Берілген видеоматериалды көрсету арқылы.
Видеоматериалдан не көрдіңдер?
Қай бөлмеде дыбыс жақсы шағылады?
Қай бөлмедегі дыбыс құлаққа жағымды болады деп ойлайсыңдар? Неліктен?
(берілген видеоның 1 көрсету керек)
Дыбыс толқындарының тағы бір қасиеті – жұтылу. Жұмсақ жиһазы бар, кілем төселген немесе қабырғасы мен едені арнайы дыбыс жұтатын матери¬алмен қапталған бөлмеде дыбыс толқындары жақсы жұтылады.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Зерттеу жұмысы
«Дыбыстың қаттылығын қалай бәсеңдетуге болады?».
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.
Зерттеу сұрағы:
«Дыбысты қандай денелер бәсеңдетеді?»
«Дыбысты неліктен бәсеңдейді?»
1. қолдарыңдағы барлық ресурстарды мұқият қарап, олардың дыбысты қалай шығаратынын анықтаңдар және жазыңдар.
2. сағатты партаның бір шетіне қойып, құлақтарыңды кезекпе кезек партаның келесі жағына тақап дыбысны естіңдер.
3. дыбыс қалай шығып тұрғанын жазыңдар.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 898



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі