Денелер суда қалай жүзеді? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Денелер суда қалай жүзеді? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Денелер суда қалай жүзеді?
Оқу мақсаты: Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Балықтардың су ішіндегі қозғалысын қалай реттейтіндігін білу;
Оқушылардың көбі:
Су тарапынан денеге әсер ететін күш оның көлемі үлкейген сайын артатындығын білу;
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бөлімге кіріспе.
Көлемі бірдей екі түйір ермексазды оқушыларға көрсетемін. Олар қандай деп сұраймын. Енді екі оқушыны ортаға шығарып, біреуінен шар, екіншісінен қайық тәрізді етіп жасауын керек екендігін түсіндіремін. Осыдан соң пластикалық стақандағы суға алдымен дома¬лақ шарды, одан кейін жалпақ қайық тәрізді денені салады. Не бақы-лағанын сыныптағы оқушылар айтады. Шар бірден батып кетті, жалпақ ермексаз су бетінде қалды. Неліктен? Жауаптарын тыңдағаннан кейін назарларын екі дененің сумен жанасатын бетіне аудартамын. Су тарапынан әсер ететін күш дененің су бетімен әрекеттесетін дене бетінің көлеміне байланысты болады. Яғни дененің суға тиетін беті үлкейген сайын, кері итеруші күш те үлкен болады. Осыған өмірмен байланысты мысалдар келтіріңіздер. Мысалы, ағаш жапырақтарының бетінің ауданы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым су бетінде ұзақ жүзіп жүреді.
Осындай мысалды ауадағы кері итеруші күштің әсері¬нен де болатынын жасап көруге болатындығын айтамын. Ол үшін жұп¬тар екі парақ қағаздың біреуін умаждап, екіншісін сол қалпында көлденең ұстап, бір сәтте төменге жібереді. Умаждалған қағаз жерге бірінші түседі, ал жалпақ парақ беті баяу қалықтап түседі. Оқушылар жоғарыда көрсетіл¬ген экспериментпен байланыстырып түсіндіреді.
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы:
Денелер суда қалай жүзеді?
Сабақ мақсаттары:
Денелерді суда қалай жүздіруге болатындығын білу;
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Бекіре балығы
Балықтар қайда тіршілік етеді?
Балық аулауға барғандарың не¬месе балықты аулап көргендерің бар ма?
Балық судың қай бөлігінде өмір сүреді деп ойлайсыңдар?
Бекіре балығын білесіңдер ме?
Ол суда қалай жүзеді?
Бекіре оны қалай реттейді?
Балықтың құрылысын білесің бе?
Балықта жүзу көпіршігі (торсылдағы) болатынын білесің бе?
Зерттеу жұмысы
«Жұмыртқа жүзу үшін не істеу керек?».
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.
Зерттеу сұрағы:
«Жұмыртқа суда жүзе ме?»
1. Суы бар ыдысқа жұмыртқаны салып, бақыллаңдар. Нәтижесін тіркеңдер.
2. Қасықпен суға тұз салып араластырыңдар........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 661



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?