Магнит не істей алады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Магнит не істей алады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Магнит не істей алады?
Оқу мақсаты: 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу;
3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Магниттің көмегімен әртүрлі металдардың магниттелуін түсіну.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жайлы ахуал орнату. Әр оқушыға сабақ басталмас бұрын кері байланысқа қызыл және жасыл түсті алмалар таратылады.
Шаттық шеңбері. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады.
Сәлеметсің бе, Күн Ана!
Сәлеметсің бе,Жер Ана!
Сәлеметсің бе,Көгілдір аспан!
Сәлеметсің бе, сен!
Кіріспе тапсырма.
Мақсаты: Магниттердің өзара әрекеттесуін және олардың полюстерімен танысу.
«Магнит» туралы білетіндерін кластерге толтыру.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Магнит туралы не білеміз?
Мақсаты: Магнит туралы білімдерін кеңейту.
Тапсырманы жұппен немесе топпен орындауға болады. Оқушыларды магниттің полюстері арқылы бірнеше топтарға біріктіру. Оқулықтағы суретті топтарға бөліп, жеке талдауды ұсыну. Талдауға келесі сұрақтарды қою ұсынылады:
-Магниттерді қайда пайдалануға болады? Мысал келтір.
-Магнит қандай заттарды тартады? Ойыңмен бөліс.
-Магнит матадан жасалған заттарды өзіне тартады ма?
-Пластмасса магнитке жабысады ма? Ал ағаш ше?
-Қағаз арқылы магнит заттарды тарта алады ма?
-Магнитте полюстер бар ма? Оларды қалай атайды?
-Полюстер қалай аталады және оларды қандай түспен бояйды?
-Магниттер бір-бірін қалай тартады?
-Қандай жағдайда магниттер бір-бірін итереді?
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Зерттеу жұмысы.
Мақсаты: Барлық металлдарды магниттеуге болмайтынын түсіну. Тапсырманы орындауда болжам ұсынудан бастау керек. Болжау сұрақтары:
-Магниттелген қайшыға қандай металдар тартылуы мүмкін?
-Қандай металдар магниттелуі мүмкін?
Керекті ресурстар: Қайшы, бұрама шеге, қыстырғыштар, кішкентай шеге, алюминий, мыс, болат сымдар, тиын.
Зерттеудің жоспары:
-Қайшыны магниттеу;
-Магниттелген қайшының ұсақ шегелерді тартатынын анықтау.
Зерттеу барысында оқушылар қайшыны магнит полюстерінің біреуінен, ортасынан бастап шетіне дейін бір бағытта бірнеше рет үйкелеп жүргізулері тиіс.
Үйкелген қайшыны ұсақ металдарға жақындатып, олардың қайшыға тартылатынын не тартылмайтынын анықтау керек.
Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға магниттелуді басқа қандай жолмен жүргізуге болатынын анықтауға нұсқау беру.
Зерттеу жұмысын қорытындалауда оқушылар барлық металдарды магниттеуге болмайтынын талдайды. Барлық тұжырымдар мен талдаулар тыңдалып, мұғаліммен кері байланыс айтылады.
ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.
Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау.
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 380



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?